rdo.kz
Авторизация

Есептеуіш техникасының даму тарихы

0
7 класс Информатика
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру және Э Е М - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды рухани адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, сурет, карточка.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сынып оқушыларымен амандасу.
2) Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
3) Сыныптың тазалығына мән беру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
•Информатика дегеніміз не?
•Компьютер дегеніміз не?
•Ақпараттық құралдар неден тұрады?
•Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
•Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Қалымбетова Айман Алтынбайқызы

Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000 - 5000 жылдар шамасында болған. Есепшот Ресей де XVI - XVII ғасырларда пайда болған XVII ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логорифм түсінігін енгізді және логорифм кестесін құрды.
1761 жылы ағылшын Д. Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
1694 жылы неміс математигі Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлериат есепші перфарциялық машинасын құрды. Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші - перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк - 1 автоматты есептеуіш машинасын құрды. Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940 - 1955 жылдар.
Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады.
Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған ЭЕМ - дер. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Төртінші буынға - ЭЕМ – лар қолданылуда.
Бесінші буындағы - компьютерлер әлі шыққан жоқ. ЭЕМ - ді жасау ісі қолға алынуда.

Тапсырмалар.
№1. Карточка.
1. Бірінші электронды - есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
2. Марк - 1 машинасы қандай элементтерге негізделген?

№2. Карточка.
1. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
2. ЭЕМ буындарын атаңдар?

№3. Карточка.
1. ЭЕМ буындарының бір - бірінен айырмашылығы не де?
2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

№4. Карточка.
1. Есепшот қай ғасырда пайда болды?
2. Дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын кім жасады?

№5. Карточка.
1. Логарифм кестесі мен логарифм сызғышын кім жасады?
2. Қазіргі кезде компьютердің атасы деп кімді атайды?

№6. Карточка.
1. Есепші перфорациялық машинасын кім құрды?
2. Аналитикалық машинаның жобасын кім жасады?

IV. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Бірінші электронды - есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
2. Марк - 1 машинасы қандай элементтерге негізделген?
3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір - бірінен айырмашылығы не де?
5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

V. Үйге тапсырма: Есептеуіш техникасының даму тарихы. Тест құрастыру.
VI. Бағалау. Оқушылардың біліміне қарай бағалау.
16-07-17 | Просмотров: 66 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно