rdo.kz
Авторизация

Информатикадан практикалық сабақтың жоспарлары

0
9 класс Информатика
Информатика және электронды есептегіш техникасы.
Практикалық сабақтың жоспары.
Практикалық сабақ 1,2
Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.
  1. Excel – ді іске қосыңыз.
  2. Ехсетерезесінің мазмұнымен танысыңыз.
  3. Тышқан курсорын Стандартты саймандар тақтасындағы батырмалар бойымен жылжытып олардың қызметтерін оқыңыз.
  4. Еxcel менюінде жұмыс істеңіз.
  5. Сервис менюінен, Параметрлер командасын таңдап, Түзету бүктемесін ашыңыз.
  6. Онда Ұяшықтарды тасуға рұқсат деген терезеде жалауша тағайындалған ба тексеріңіз, егер жоқ болса тағайындап, ОК батырмасын шертіңіз.
  7. Тышқан арқылы D4 ұяшығын белгілеңіз.
  8. Курсорды жылжыту пернелері арқылы А1 ұяшығына қайта оралыңыз.
  9. 6 - шы парақты белгілеңіз
  10. 1 – ші параққа қайта оралыңыз.
  11. 3 – ші жолды белгілеңіз.
  12. Белгілеуді алып тастаңыз.
  13. D бағанасын белгілеңіз.
  14. А2: Е13 блогін тышқан арқылы белгілеңіз.
  15. А,В,С,D бағаналарын белгілеңіз.
  16. Белгілеуді алып тастаңыз.
  17. С4:F10 блогін пернетақта арқылы белгілеңіз.
  18. Жұмыс парағын белгілеңіз.
  19. Белгілеуді алып тастаңыз.
  20. Келесі блоктарды бір мезгілде белгілеңіз: F5:G10, H15:I15, C18:F20, H20
  21. Excel – дегі функция түрлерімен танысыңыз.
Fбатырмасын шертіңіз. Барлығы (все) категориясын таңдаңыз. Функциялар қалай есептелетініне мән беріңіз. , min, max.
Есептелген у мәндерінің қосындысын F25 ұяшығына жазыңыз.
  1. Е25 ұяшығына «Сумма у=» түсініктеме мәтінін жазыңыз.
  2. у мәндерінің арифметикалық ортасын тауып безендіріңіз. «Қосынды тапқан сияқты)
  3. Е26 ұяшығына түсініктеме мәтін, F26 ұяшығына орта мәнді жазыңыз.
  4. у мәнінің ең үлкен және ең кіші мәндерін тауып, кестеге жазыңыз, ал Е27 және Е28 ұяшықтарына түсініктеме мәтін, F27 және F28 ұяшықтарына ең үлкен және ең кіші мәнін толтырыңыз.
Функция шеберін қолданыңыз:
Қою, Функция, Барлығы, Ең үлкен, Қадам, F4:F24, Аяқтау (Вставка, Функция, Все, Макс, Шаг, F4:F24, Закончить)

Сабақтың мақсаты: 1. Техника қауіпсіздігімен таныстыру, журналға қол қойдыру.
  1. Microsoft Excel программасымен, электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен жұмыс жасауды үйрету.
  2. Формулалар мен функцияларды пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер.

Сабақтың жүрісі:
1. Кіріспе нұсқаулар - 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру, техника қауіпсіздігімен таныстыру.
3. Оқушыларға тапсырма беру және тапсырмалардың орындалу ретімен таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
(Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кезінде ағымдағы нұсқау жүргізіледі). Онда оқушылардың берілген тапсырманы орындауын бақылау. Қателерін түзету, түсінбей отырған оқушыларға көрсетіп бағыт беру. Жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтауды мұқият қадағалау.
3. Ақтық нұсқау.
1. Өткізілген практикалық сабақты қорытындылау.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау.

Информатика және электронды есептегіш техникасы.
Практикалық сабақтың жоспары
Практикалық сабақ 3,4
Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.
  • Стандартты саймандар тақтасындағы Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) батырмасын шертіңіз.
Excel диаграмманы өңдейтін кестенің қай жеріне орналастыруды сұрайды.
  • Курсормен G18 ұяшығын шертіңіз.
  • Тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басып тұрыңыз.
  • G18:M35 ұяшықтарын белгілеңіз.
  • Тышқанның сол жақ пернесін жіберіңіз.
  • Тышқанның көмегімен G16:M17 ұяшықтар тобын белгілеңіз.
  • Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) сұхбаттық терезесінде Қадам (Шаг )
батырмасын шертіңіз.
  • Гистограмма түрін таңдап Қадам (Шаг ) батырмасын шертіңіз.
  • Пішім (Формат) таңдаңыз және Қадам (шаг) батырмасын шертіңіз.
  • Қадам (Шаг ) батырмасын шертіңіз.
  • Диаграмма аты деген терезеге мәтін енгізіңіз.
  • Аяқтау батырмасын шертіңіз.

  1. жаттығу
Жаңа файл құрыңыз

2 – жаттығу

осы суретке сәйкес деректер мен тақырып енгізіңіз.

3 – жаттығу.Диаграмма шебері батырмасын шертіңіз және диаграмма құрылатын А13:І28 ауданын таңдаңыз.

4 – жаттығу. Диаграмманы қадам бойынша құрыңыз.
Есеп -№1 Осы суретте көрсетілген диаграмманы құрып және өзгертіңіз.

Сабақтың мақсаты: 1. Техника қауіпсіздігімен таныстыру, журналға қол қойдыру.
  1. Диаграмма құру, Графиктер тұрғызуды үйрету.
  2. Формулалар мен функцияларды пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер.

Сабақтың жүрісі:
1. Кіріспе нұсқаулар - 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру, техника қауіпсіздігімен таныстыру.
3. Оқушыларға тапсырма беру және тапсырмалардың орындалу ретімен таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
(Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кезінде ағымдағы нұсқау жүргізіледі). Онда оқушылардың берілген тапсырманы орындауын бақылау. Қателерін түзету, түсінбей отырған оқушыларға көрсетіп бағыт беру. Жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтауды мұқият қадағалау.
3. Ақтық нұсқау.
1. Өткізілген практикалық сабақты қорытындылау.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау

Информатика және электронды есептегіш техникасы.
Практикалық сабақтың жоспары.
Практикалық сабақ 5,6
Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.

  1. Диаграмма шебері батырмасын шертіңіз және Н2: К28 ауданын диаграмма құруға таңдаңыз.
  2. Диаграмманы қадам бойынша құрыңыз.
  3. Диаграмма ауданын пішімдеңіз.
  4. Графиктер маркерін белгілеңіз.
  5. Х және У – осьтерінің атын өзгертіңіз.
  6. У осінің атын белгілеңіз және оны осьтің әдеттегі белгіленетін орнынына сүйреп апарыңыз.
  7. У осінің атын тышқанның оң жақ пернесімен шертіңіз. Ось атын түзету менюінде Ось атын, Пішімдеу, Тегістеу, Жатық бағыт (Форматировать название оси, Выравнивание, Ориентация горизонтальная) командасын таңдаңыз.
  8. Х осі атының орнын жылжытыңыз.
  9. Кестені төмендегіше толтырыңыз.

  1. Тақырып жазыңыз.
  2. А және В бағаналарын а және в коэффициенттері үшін арнаңыз. Бұл коффициенттер уақыт бойынша өзгермейді, яғни А және В бағаналарына бірдей сан жазылуы керек.
  3. С бағанасына 1939 жылдан бастап t мәндерін енгізіңіз.
  4. D бағанасына тұрғындардың сан өлшемін енгізіңіз.
  5. Е бағанасына = A*EXP(B*C) формуласын енгізіңіз.
  6. F бағанасына =ABS(E-D) формуласын енгізіңіз. Бұл f(t) функциясының теориялық және нақты мәндерінің айырмасының модулін көрсетеді.
  7. F бағанасы бойынша қателіктің ең үлкен мәнін есептеу үшін осы бағананың кез келген бос ұяшығына max функциясын енгізіңіз.
  8. Алгебра және Геометрия пәндері бойынша сәйкес парақтар құрыңыз.
  9. Физика парағын Түзету, жылжыту, Көшіру меню командасын пайдаланып келесі бетке көшіріңіз.Сол кезде Лист 2 парағы пайда болады.
  10. Кестені тағы бір рет көшіріңіз. Лист 3 парағы пайда болады.
  11. Лист 1 парағын Алгебра, Лист 2 парағын Геометрия, Лист 3 парағын Физика деп атын өзгертіңіз.
  12. Кестелердің парақтарында пән аттарын, ағымдық бағаларды, датаны салып өзгертіңіз.
  13. Лист 2 парағында 1 – тоқсан қорытынды бағаларының кестесін құрыңыз.
  14. Жұмыс кітабында қолданылмайтын парақтарды өшіріңіз.

Сабақтың мақсаты: Жұмыс кітабының парақтарымен оның байланысын, файлдар арасындағы байланысты жасай білу.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер.

Сабақтың жүрісі:
1. Кіріспе нұсқаулар - 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру, техника қауіпсіздігімен таныстыру.
3. Оқушыларға тапсырма беру және тапсырмалардың орындалу ретімен таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
(Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кезінде ағымдағы нұсқау жүргізіледі). Онда оқушылардың берілген тапсырманы орындауын бақылау. Қателерін түзету, түсінбей отырған оқушыларға көрсетіп бағыт беру. Жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтауды мұқият қадағалау.
3. Ақтық нұсқау.
1. Өткізілген практикалық сабақты қорытындылау.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау.

Информатика және электронды есептегіш техникасы.

Практикалық сабақ 7,8,9
Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.
  1. Power – Point программасын іске қосыңыз.
  2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құрыңыз: Ол үшін мына шарттарды орындаңыз. 1-ші қадам Презентацияның түрі яғни тақырыптық бағытын таңдаңыз. Келесі қадамға өту үшін, Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз. 2 – ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері; презентацияны баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын операциялардың бірін таңдаңыз. 3 – ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсетіңіз. 4 – ші қадамда Қосымша мәліметтер презентациясының тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазыңыз.

  1. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готово) батырмасын шертіңіз.
  2. Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайларыңа қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолданыңыз.
  3. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс жасап отырған кезде қосқыңыз келсе, Файл – құру (Файл - создать) командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің ішкі бетінде Автомазмұн шебері(Мастер автосодержание)
  4. Power – Point программасы іске қосылғаннан кейін ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясы ашылады. Осы опцияда Жалпы, Презентациялар дизайндары астарлы беттерінен тұратындығын байқаңыз.
  5. Презентацияны құру сұқбат терезесінен өзіңізге ұнаған түрін таңдап ок батырмасын шертіңіз.
  6. Осы кезде слайд құру терезесі ашылады. Осыдан қажетті слайдтың түрін таңдап алып, осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп арнайы эффектілер қосып көркемдеңіз.
  7. «Менің сүйікті мектебім» - тақырыбына, слайд жасаңыз.
  8. Өз таңдауларыңыз бойынша реферат, баяндама жазыңыз.


  1. 16 – желтоқсан «Демократиялық жаңару күні» - тақырыбына презентация құру арқылы слайдтар енгізу.
Сабақтың мақсаты: Power – Point программасымен жұмыс жасай білу және презентацияны безендіру арқылы слайдтар жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер. Алдын ала дайындалған тапсырмалар.

Сабақтың жүрісі:
1. Кіріспе нұсқаулар - 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру, техника қауіпсіздігімен таныстыру.
3. Оқушыларға тапсырма беру және тапсырмалардың орындалу ретімен таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
(Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кезінде ағымдағы нұсқау жүргізіледі). Онда оқушылардың берілген тапсырманы орындауын бақылау. Қателерін түзету, түсінбей отырған оқушыларға көрсетіп бағыт беру. Жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтауды мұқият қадағалау.
3. Ақтық нұсқау.
1. Өткізілген практикалық сабақты қорытындылау.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау.

Информатика және электронды есептегіш техникасы.
Практикалық сабақтың жоспары.

Практикалық сабақ 10,11,12,13

Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.
  1. Scan disk программасын іске қосыңыз. Дискіні тексеруге арналып тағайындалған параметрлерді тексеріп шығыңыз да, өзіңіз қолданып жүрген дискетті стандартты түрде тексеріңіз.
  2. Шыққан нәтижелік қорытындыны мұқият қарап, талдау жасаңыз.
  3. Қатты дискіні тексеріңіз, нәтижеге талдау жасаңыз.
  4. Дефрагментациялау программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңыз да, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.
  5. Қатты дискіні дефрагментациялаңыз.
  6. Компьютерде Backup программасының орнатылғандығына көз жеткізіңіз, егер жоқ болса орнатыңыз.
  7. Архивтеу программасын іске қосыңыз. Графикалық редакторда салынған сурет және Word padпрограммасында құрылған файлдардың көшірмесін дискетке жазыңыз.
  8. Көшірмесін алған файлдарды дискіден өшіріңіз.
  9. Өшірілген файлдарды дискеттен қайта қалпына келтіріңіз.
  10. Менің құжаттарым бумасындағы бірнеше мәтіндік файлдың көшірмесін Архив – бума деген атпен С дискісіне жазыңыз.
  11. Менің құжаттарым бумасындағы осы файлдарды өшіріңіз.
  12. С дискісіндегі Архив- бума көшірмесінен өшірілген файлдарды өз орнына қалпына келтіріңіз.


Сабақтың мақсаты: 1. Дискілердегі қателерді табу және түзету.
2. Дискіні дефрагментациялау.
3. Файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс - әрекеттерін орындап үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер. Алдын ала дайындалған тапсырмалар.

Сабақтың жүрісі:
1. Кіріспе нұсқаулар - 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру, техника қауіпсіздігімен таныстыру.
3. Оқушыларға тапсырма беру және тапсырмалардың орындалу ретімен таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
(Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кезінде ағымдағы нұсқау жүргізіледі). Онда оқушылардың берілген тапсырманы орындауын бақылау. Қателерін түзету, түсінбей отырған оқушыларға көрсетіп бағыт беру. Жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтауды мұқият қадағалау.
3. Ақтық нұсқау.
1. Өткізілген практикалық сабақты қорытындылау.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау. – «Информатикадан 30 сабақ» - Е.
Балапанов

Информатика және электронды есептегіш техникасы.

Практикалық сабақ 14, 15

Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.

  1. ші тапсырма.
    1. Web құжаттың көру программасын іске қосыңыз. (мысалы, Internet explorer)
    2. Адес жолында ...URLесті енгізіп, enter – ді басыңыз.



  1. Бет жүктелгеннен кейін оның мазмұнын қараңыз.
  2. Бетті файл – Басқаша сақтау (файл – сохранить как) файлдың атын сақтаңыз.
2 – ші тапсырма.
1. Web құжаттың көру программасын іске қосыңыз. (мысалы, Internet explorer)
2. Адрес жолында іздеу жүйесінің (www mail.ru) URL - адресін енгізіп, enter – ді басыңыз.
3. Жүктелгеннен кейін сұрау (запрос) өрісінде бір немесе бірнеше кілттік сөз енгізіңіз.
4. Одан кейін табу батырмасын басыңыз.
5. Web - құжаттар тізімінен сәйкес келетін құжатты белгілеп, екі рет тышқанның батырмасын басыңыз.
6. Web – бет жүктелгеннен кейін оны өз компьютеріңізге сақтаңыз.
7. Пошталық программаны іске қосыңыз.
8. Хабар – құру терезесіндегі кімге өрісінде қабылдаушының электронды адресін көрсетіңіз. (Мысалы,cio.@abai.uni.sci.kz)
9. Тақырып өрісінде хабар тақырыбын енгізіңіз (мысалы, алғашқы хат)
10. Хабар жазуға арналған орында хабар мәтінін теріңіз.
11. Хабарды жіберу батырмасын шертіңіз.
12. Жүйеден шығу үшін шығу батырмасын шертіңіз.
13. Модемді орнату үшін мына шарттарды орындаңыз: сетевой окружение – свойства- создание нового подключение – далее – подключение к интернету – далее – установить подключение вручную – далее – через обычный модем – далее – имя подключение – Каз телеком деп жазыңыз – далее – телефон номерін енгіземіз – 8W7501010101 – далее , содан соң көрсетілген шарттар бойынша толтырулар енгізіңіз.
14. Сканермен жұмыс жасау үшін Пуск - программы - Arcsoft Photo Base - Photo Base – сканер – таңдау – шаарттарын пайдалану арқылы суреттерді немесе құжаттарды сканерлеңіз.
17-07-17 | Просмотров: 184 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно