rdo.kz
Авторизация

Информатикадан күнделікті сабақ жоспарлары

+3
11 класс Информатика
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптер және т. б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.
ІІ. Жұмыс тәртібі:
1. Компьютер экранынан 60 - 70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.
ІІІ. Жұмыс кезінде:
1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөндеуге ұмтылмаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдер бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Объектілерді топтастыру, әртүрлі белгілер бойынша ақпаратты топтастыру.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар біз жаратылыстану бағыты бойынша 11 класқа келіп отырмыз. Енді информатика сабағын аптасына 1 сағат өтеміз. Яғни жаратылыстану бағыты бойынша біз осы пәннің осы бағытқа байланысты қандай мәндері бар екенін білетін боламыз. Біз бүгінгі сабақта электронды есептеуіш машина алдындағы қауіпсіздік ережелерімен танысамыз. Әрине, бұл ережені біз 7 кластан бастап білеміз. Көзімізге, денелерімізге жаттығулар жасауды да білеміз.
Жаңа сабақ
Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде маңызды ұғым объектілерді топтастыру болып табылады.
Топтастыру - объектілерді ( заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдарды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі.
Объект дегеніміз материалдық немесе материалдық емес қасиеттің кез келген заты, үдерісі, құбылысы болып табылады. Топтастырудың жүйесі объектілер - ді топтауға және қасиеттері ортақ болып сипатталатын белгілі бір топтарды бөлуге мүмкіндік береді. Объектілерді топтастыру – біртекті қасиеттерді бөлуге бағытталған сапалық деңгейдегі топтасудың рәсімі. Топтастыру объект - тісі ретінде ақпаратқа тән бөлінген топтарды ақпараттық объектілер деп атайды.
1 - мысал. Мектеп туралы барлық ақпаратты ортақ қасиеттерімен сипаттала - тын көптеген ақпараттық объектілер бойынша топтастыруға болады:
оқушылар туралы ақпарат – «Оқушы» ақпараттық объектісі ретінде,
оқытушылар туралы ақпарат -«Оқытушы» ақпараттық объектісі түрінде,
сыныптар туралы ақпарат – «Сынып» ақпараттық объектісі түрінде.
Реквизит – объектінің, үдерістің, құбылыстың және т. б. белгілі бір қасиет - терін сипаттайтын, логикалық жағынан бөлінбейтін ақпараттық элемент.
Топтастырушы – топтастырушы топтардың атаулары мен кодтарының жүйелендірген жиынтығы.
Топтастырудың иерархиялық жүйесі.
Топтастырудың иерархиялық жүйесі төмендегіше құрылады:
элементтердің бастапқы көпшілігі 0 - дік деңгейді құрайды және таңдалған топтастыру белгісіне байланысты кластарға(топтасуға) бөлінеді, бұл 1 - ші деңгейді құрайды,
1 - ші деңгейдің әрбір класы өзіне тән топтастыру белгісіне сәйкес қосалқы топтарға бөлінеді, бұлар 2 - ші деңгейді құрайды,
2 - ші деңгейдің әрбір класы сол сияқты топтарға бөлінеді, бұл 3 - ші деңгейді құрайды және т. б.
Топтастырудың фасеттік жүйесінің иерархиялықтан ерекшелігі топтасты - рудың белгілерін бір - біріне, сондай - ақ топтастырылатын объектінің семантикалық мазмұнына тәуелсіз топтастыру белгілерін таңдауға мүмкіндік береді.
Топтастырудың белгілерін фасеттер (facet - рамка) деп атайды. Әрбір фасет (Фі) аталған топтастыру белгісінің біртекті мағыналарының жиынтығын құрайды. Бұл орайда фасеттегі мәндер өз еркінше орналаса береді, бірақ оларды ретке келтірген дұрыс болады.
Пайда болу орны. Осы белгі бойынша ақпаратты түсетін, шығатын, ішкі, сыртқы деп бөлуге болады.
Түсетін ақпарат – бұл фирмаға немесе оның бөлімшесіне түсетін ақпарат.
Шығатын ақпарат – бұл фирмадан басқа фирмаға, ұйымға (бөлімшеге) түсетін ақпарат.
ІХ. Үйге тапсырма
Объектілерді топтастыру, әртүрлі белгілер бойынша ақпаратты топтастыру.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық жүйенің ұғымы
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Жаңа сабақ
Жүйе дегеніміз бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін үстеу оның құрылуы мен жұмыс істеуін көрсетеді. Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міндеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді. Олар проблемаларды талдауға және жаңа өнімдерді жасауға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскерлердің өзара байланысты жиынтығы.
Кез келген мақсаттағы ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ету үдерістерін шартты түрде мынадай блоктардан тұратын схема түрінде ұғынуға болады:
сыртқы немесе ішкі қайнар көздерден ақпаратты енгізу,
түсетін ақпаратты өңдеу және оны оңтайлы түрде беру,
тұтынушыларға ұсыну немесе басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару,
кері байланыс – бұл түсетін ақпаратты түзету үшін аталған ұйым адамдарымен қайта өңделген ақпарат.
Ақпараттық жүйе төмендегідей қасиеттерімен айқындалады:
кез келген ақпараттық жүйе талдауға жатуы мүмкін, олар жүйелерді құрудың жалпы принципі негізінде құрылған және басқарылды,
ақпараттық жүйе серпінді және қарқынды дамуда,
ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелілік тәсілді қолдану қажет,
ақпараттық жүйенің шығатын өнімі ақпарат болып табылады, оның негізінде шешімдер қабылданады,
ақпараттық жүйені ақпаратты өңдеудің адам - компьютерлік жүйесі ретінде қабылдаған жөн.
Үйге тапсырма
Ақпараттық жүйенің ұғымы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Ақпараттық жүйенің ұғымы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептесу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми - зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ - нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы(имитациялауы) тиіс болды.
Егер ЖИ - ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:
1. Медициналық диагностика, оқу, кеңес беру,
2. ЖИ - ді жобалау.
3. Әртүрлі салаларда міндеттерді шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету.
4. Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен талдау.
5. Өте үлкен интегральды схемаларды жобалау.
6. Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау.
7. Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде.
8. Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар.
Үйге тапсырма
Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Білімдерді және білімдер базасын айқындау
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
ББ - ның негізгі элементі ЖИ жұмыс істеуі тиіс пәндік сала туралы білім болып табылады.
Білім – сипатталатын проблема туралы хабардар болудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін, біртұтас сипаттама құратын мәліметтердің жиынтығы. Білімдердің мәліметтерден айырмашылығына келетін болсақ, мәліметтер тек уақыттың сол өту сәтіндегі объектілердің немесе объектілер тобының нақты жай - күйін ғана сипаттайды, ал білім мәліметтерден басқа, осы мәліметтерді қалай операциялауға болатындығы туралы мағлұматтарды құрайды.
Сипаттауды жинақтау дәрежесі бойынша білім мына төмендегіше бөлінеді:
1) жалпылыма – пәндік саланың жекелеген ұғымдары арасындағы сепеб - салдарлық қатынастардың жиынтығын сипаттайды,
2) терең – пәндік салада болып жатқан барлық үдерістерді терең түсіну көрсететін абстракцияға, аналогияға, үлгілерге қатысты.
Терең ұғым базасына ену жүйені неғұрлым икемді әрі бейімделгіш етуге мүмкіндік береді, өйткені терең білім бастапқы қарапайым ұғымдарды жобалаушының немесе сарапшының жинақтау нәтижесі болып табылады.
Құбылыстардың көріну дәрежесі бойынша білім төмендегідей болып бөлінеді:
1) қатаң – бастапқы жағдайларды беру кезінде біртекті нақты ұсыныстама алуға мүмкіндік береді,
2) ұяң - көптеген шашыраңқы шешімдер және көп нұсқалы ұсыныстамаларға жол береді.
Білім сипаттау нысаны бойынша төмендегіше бөлінеді:
1) декларативтік (фактілер) – бұл «А дегеніміз А» түріндегі білім,
2) рәсімдік – бұл «Егер А, онда В» түріндегі білім.
Декларативтік білім объектілерге, объектілердің тобына (класына) және қатынастарға бөлінеді.
Объект – бұл өзінің мәні берілетін факт.
Объектілер класы – бұл объект - фактілердің нақты жиынтығы біріктірілетін атау.
Қатынастар – объектілер кластары және пәндік сала шеңберінде пайда болған жекелеген объектілер арасындағы байланысты айқындайды.
Үйге тапсырма
Білімдерді және білімдер базасын айқындау
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, лқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның
терминологиясы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз балалар жаңа тақырып бұрын біз білмейтін МS ACSESS 2000Е кең тараған деректер қоймасын басқару жүйелерінің бірі болып табылады. MS ACSESS 2000 ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады.
Жаңа сабақ
MS Accеss ең кең тараған деректер қоймасын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.
Қазіргі кезде деректер қоймасы (ДҚ) және қоймасын басқару жүйесі (ДҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы мағынасында деректер қоймасы терминін белгілі бір нышандарына байланысты біріккен ақпараттардың кез келген жиынына қолллдануға болады. Мысалы, деректер қоймасы ретінде поезд қозғалысының кестесін немесе сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы мәліметтер тіркелген кітапті қарастыруға болады. Мұнда деректер қоймасы ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылады.
Сондықтан сіздің жазу кітапшаңыз, оған ақпаратты құрылымды түрде жазбасаңыз, ол деректер қоймасы болып есептелмейді.
Көптеген ДҚ - да алғашқы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске асырылады, оның жолы – қойманың бір объектісі жайлы толық ақпаратты, ал бағаны – объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы (бір объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.
Өріс
ҚызметіАты, тегіТелефоны
Президент
Вице - президент
Бас есепші
Маркетолог
Офис - менеджер
Қасым Карбозов
Абай Ғайнулин
Анар Сәбитова
Бақыт Дүйсенов
Елена Климова
61 - 56 - 87
61 - 56 - 83
61 - 12 - 03
61 - 54 - 86
61 - 34 - 62
ДҚ құруда тиімді жұмыс үшін оның құрылымын әрбір өрісте мазмұны тек бір типтегі деректер болатындай етіп ойлау табу керек, мысалы:
● өрістің аты: Тегі
мазмұны: Молдабаев
● өрістің аты: Телефон
мазмұны: 25 - 89 - 64
● өрістің аты: Айы
мазмұны: сәуір
Үйге тапсырма
Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Деректер реляциялық қоймалары. Ms. Access компоненттері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Соңғы уақытта деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны – реляциялық деректер қоймасы. Реляциялық деректер қоймасында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Реляциялық деректер қоймасында кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.
Реляциялық ДҚБЖ - нің негізгі ерекшеліктері:
Барлық деректер кесте түрінде сақталады.
Әртүрлі сипаттағы деректер түрлі кестелерде сақталады.
Қойма құратын кесте деректері арасында қарым - қатынас (реляцияның) беріледі
Әртүрлі кестелердегі ақпарат деректері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.
МS Ассеss компоненттері.
МS Ассеss ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады.
Кесте деректер қоймасының негізгі болып табылады. МS Ассеss - те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады.
Есеп берулер деректер қоймасында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады.
Сұрату деректер қоймасынан ақпаратты алады, әлі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін.
Үйге тапсырма
Деректер реляциялық қоймалары. Ms. Access компоненттері.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Ms. Access 2000 мен жұмысты бастау.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер реляциялық қоймалары. Ms. Access компоненттері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Біз МS Ассеss 2000 - мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар панелі, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. МS Ассеssті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолданасыз:
1. Ассеssті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі Запуск батырмасын қолданыңыз
Ассеss - ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\ Windows\Start - menu\Programs қапшығында Ассеss үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл қапшықтағылар бастау менюінен шақырылатын Бағдарламалар(Programs) бағыныңқы менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Ассеss - ті іске қосу командасы көрінеді.
Запуск (Start) батырмасын басыңыз және Microsoft Ассеss шақыратын командасы бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюін ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы командада батырманы басыңыз.
2. Екі рет арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз.
Windows Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және Ассеss орнатылған қапшыққа көшіңіз.
МS Ассеss - те саймандар панелі көптеген әртүрлі батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы нақты саймандар панеліндегі қызметіне байланысты. МS Ассеss - ке бірінші рет кіргенде экранда «Деректер қоймасың деп аталатын саймандар панелі бар болады. Батырмалардың көпшілігі көбінесе меню командаларын таңдау немесе пернелер комбинацияларын басу арқылы жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. МS Ассеss экранда саймандар панелін басқаруға, баптауға мүмкіндік береді.
Қалып - күй жолы басты менюдің төменгі жағында орналасқан. Жолдың сол жағында кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы, жұмыс режимінің индикаторы және т. б. қажетті ақпараттар бейнеленуі мүмкін.
2. 4. МS Ассеss саймандар МS панелі.
Аты Атқаратын қызметі
Создать Жаңа деректер қоймасын құрады
Открыть Бар деректер қоймасын ашады
Сохранить Ағымдағы объекті сақтайды
Печать Құжатты баспаға жібереді
Предварительный просмотр Құжатты алдын ала көру терезесін ашады
Орфография Орфографияны тексереді
Вырезать Ерекшеленген мәтінді немесе ерекшкленген объектілерді жояды және оларды буферге орналастырады
Копировать Буферге ерекшеленген мәтіннің немесе ерекшеленген объектілердің көшірмесін ғана апарып салады
Вставить Буфердің мазмұнын қояды. Бұл батырманың нақты іс - әрекеті жұмыс істеліп жатқан режимге байланысты
Формат по образцу Таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді
Отменить Соңғы іс - әрекетті болдырмайды
Связи с Оffice Microsoft Оffice - нің басқа қосымшаларымен байланысты жүзеге асырады
Анализ Деректер қоймасының кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.
Программа Модульдің терезесін ашады
Свойства Таңдалынған объектінің қасиеттер терезесін ашады/жабады
Схема данных Кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді
Новый объект Деректер қоймасының жаңа объектісін құрады
Помощник Көмекшіні шақырады
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. MS Access 2000 деген қандай программа?
2. Бұл терезеге қалай кіре аламыз?
3. Басқа программалардан айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма
Ms. Access 2000 мен жұмысты бастау.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасын құру
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Ms. Access 2000 мен жұмысты бастау деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
МS Ассеss реляциялық деректер қоймасын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоймасын – қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қоймасында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қоймасымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.
МS Ассеssте деректер қоймасы ақпаратты еңгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұратулар жатады.
МS Ассеssті іске қосқанда диалог терезесі ашылады, мұнда жаңа деректер қоймасын құру немесе бұрыннан барын ашу ұсынылады. Жаңа деректер қоймасын таңдандар және ОК батырмасын шертіндер.
Элемент Қызметі
Журнал Құрылған файлдардың соңғылары жайлы ақпаратпен қамтамасыз етеді
Рабочий Қайта құрылғалы жатқан деректер қоймасының пиктограммасын Жұмыс столында орналастыруға мүмкіндік береді
Избранное Интернетке деректер қоймасын жариялауға қолданылады.
Үйге тапсырма
Деректер қоймасын құру
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 11 класс
Жаратылыстану - математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын құру
деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Кестелер деректер қоймаңыздың негізгі болып табылады, нақ соларда барлық деректер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені құрып алуыңыз қажет.
Ассеss - те «кесте» термині нені білдіреді?
Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Мысалы: мекен - жай, аты немесе телефон нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы: әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен - жайын және телефон нөмірін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.
Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Ассеssте оны құруға кірісеміз. МS Ассеss - те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады:
1. Өзіңіз құрған деректер қоймасының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.
2. Деректер қоймасының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.
3. «Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:
● Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
● Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік
береді.
● Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.
● Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қоймасына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
● Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Деректер типтері.
Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде еңгізіледі. МS Ассеss - те келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады:
● Мәтіндік ● Логикалық
● Сандық ● МЕМО өрісі
● Ақшалай ● ОLЕ объектісінің өрісі
● Санауыш ● Гиперсілтеме
● Даталар/уақыттар ● Ауыстырулар шебері
Кесте құрылымының модификациясы.
Егер бірде - бір қате жібермей, кесте құрылымын сипаттаған болсаңыз, онда құрылған кестенің құрылымын сақтау қажет. Алайда құрылымды берерде қате жіберіп қоюыңыз мүмкін. МS Ассеss қателерді жөндеуге арналған құралдарды сізге ұсынады. Оларға жататындар:
● Өріс атауын және /немесе оның типін өзгерту.
● Қалып қойған өрісті қою.
● Қате енгізілген өрісті жою
● Кестедегі өрістердің жол тәртібін өзгерту.
Деректер қоймасына кіретін кестенің құрылымын модификациялау үшін деректер қоймасының терезесінде модификацияланатын кестені таңдап,
Конструктор батырмасын басыңыз. Экранда таңдалған кестенің құрылымынан тұратын конструктор терезесі ашылды.
Өрістер жолының тәртібін өзгерту
Айталық, бір өрісті қазіргі тұрған орнынан бірнеше өріске жоғары не төмен апарғыңыз келді. Мұны жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Өрістер аттарының сол жағында өрісті таңдау аймағы бар. Орын ауыстырғыңыз келген өріске сипаттама берілген жолға көшіп, осы аймаққа басыңыз. Бұл кезде жол түгелімен ерекшеленеді.
2. Енді өрісті таңдау аймағына тағы да басып, маусты жібермеңіз. Маус меңзерінің астында, кішкентай үзік сызықпен сызылған тікбұрыш пайда болғанына көңіл аударыңыз.
Үйге тапсырма
Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
17-07-17 | Просмотров: 715 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно