rdo.kz
Авторизация

Аспаптық музыканың маңызы


Уважаемый гость! Данная работа может содержать устаревшие или неверные данные (устаревшую статистику, утратившие силу закона нормативные акты и.т.д). Просим перед сдачей самостоятельно проверить содержание.
Аспаптық музыка сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласының бірі. Сол себептен өскелең ұрпағымызды аспаптық музыкаға арналаған шығармалар және де ұлттық аспаптарда орындалатын күй өнеріне баулу мәдениеті тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.
Тарихқа сүйенсек, өзінің қалыптасқан мәдени - білімдік дәстүрлері мен ұстанымдары бар елдің даму қадамы білімнен басталу керек деп ойлаймын.
Қазақ халқының аспаптық музыкасы жүзінің көркемдік мәдениетінде ерекше құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы мен даму кезеңдері халықтың ауыз екі шығармашылығы мен фольклорында көрініс тапқан. Қазақтың аспапты мәдениетінің көп ғасырлық тәжірибесі оның өзгеше және әмбебап белгілерін қалыптасуына әсер етті.
XIX ғасырдың басындағы халықтың қоғами және рухани өмірінде дәстүрлі музыка өнері одан әрі жалғасын тауып, жан - жақты даму процестеріне түсті. Бұған ықпал болған қазақ даласындағы күрделі саяси, әлеуметтік және тарихи өзгерістер еді. Халықтың мәдени болмысында ән мен күй жанрлары кеңінен қарқындауымен қатар, жеке әншілік пен жеке аспапты орындаушылық концерттік түрде, биік көркемдік және шеберлік деңгейіне жоғарылады. Эстетикалық және музыканы қабылдау қабілеттер мен көзқарастар жаңашыл жолдар мен қалыптасып, өнер саңлақтарының статусы көтеріледі: бақсы, жыраулардың рухани мұрасын ақын, әнші, өлеңші, күйші, сал, серілер кәсіби институт сатысына жеткізді. Өнер иелері - оны шығарушылар, орындаушылар және насихаттаушылар - қазақ өмірінде биік әлеуметтік мағынада танылып, ерекше сый - құрметке, ұлт сүйіспеншілігіне бөленді.
Ұлт мәдениетінің тарихында XIX ғасыр ренессанстық мағынаға ие болып, «алтын ғасыр» аталғаны мәлім. Бұл дәуірде қазақ жерінде музыка дәстүрлі ауызекі түрде қалыптасып дамыған.
«Алтын ғасыр» кезеңінде кәсіби халық композиторларының шығармашылықтары ерекше көркейіп, эстетикалық, көркемдік әсерлік дәрежеге ие болды. Бұл - ақын, сал, сері, күйші дәуірінде қазақтың әні мен күйі өзінің тақырыптық жағынан кең ауқымды, құрылымы жағынан сан - түрлі болып келеді. Ұлттық өнеріміздің ең бір іргелі және күрделі саласы - аспаптық музыка. Бұл көп ғасырлы көшпенді мәдениетіміздің өзі мен көзі, қайнар бұлағына айналған мәдени мұрамыздың түрі қазақ даласының қайталанбас табиғат көріністерін, бостандық сүйгіш үнін, азаттық аңсаған арманын, халық тағдыры мен тарихын, аңыз бен шындығын, жануарлар образын және басқа да көптеген тақырыптар мен сюжеттерде асқан көркемдікпен нәзік те қажырлы музыка тіл - әдістерімен паш етеді. Қазақтың аспапты музыкасы домбыра, қобыз, сырнай және т. б аспаптар формасы мен композициясы жағынан өте көлемді дамыған. Мақамы ұлттық колоритке бай, нақтылы және тартымды, суреттілігі жағынан айқын болып келеді, мұнда кәсіби симфония жанрының өзегі де мол. Қазақ күйінің ұшан теңіз ішкі дүниесі ұлт тарихының әр кезеңінде халықтың рухани сұранысына тереңінен жауап бері, оның өзінше найза - ұранына айналған.
Қазақ халқының тарихында қобыз аспабы, оның күйлері мен сарындары тек Қорқыттың есімімен байланыстырылады. Оның құнды музыкалық асыл мұрасы мен дәстүрі негізінен бақсы - балгерлердің болмысында, ғұрып салттарында аса жарқын түрде сақталған. Басқа түркі халықтарының аңыздарында Қорқыт өз заманында батырлық жырларды шығарушы, данышпан қария, хандардың кеңесшісі болса, қазақтар шежірелерінде ол алдымен бақсылар зікірлерінде көмекке шақырып, табынатын пірі аталады.
Қорқыт туралы аңыздар мен бақсылық ғұрпының тікелей байланыстылығын бірқатар ғалымдар дәлелдеген. Ш. Уәлиханов: «өлімнен қашу - шаман дінін ұстанатын халықтардың аңыздарында жиі кездеседі»,- деген.
Қобыз күйлері арқылы терең ой - толғаныстар неғұрлым жақсы беріледі. Қобыз өнерінің ғұрып шеңберінде қалыптасуы мен қолдануы тәжірибесі бұл аспаптың күші мен мағынасының тереңдігін, магиялық бағытын тудырған. Сондықтан, аспаптың қолдану болмысына байланысты қалыптасқан көне қобыз күйлерінің көбісінде бақсы зікірінің ырғағы сезіліп тұрады. Халық қобызда ойнаған, оны мейілінше игерген өнер иелерін ардақтап, сый - құрметпен «көнеліктің көзі, ұлттықтың өзі»- деп қараған. Ал, кейбір сәттерде «қобыздың күңіренген үнінен аруақтардың рухы қоныстаған», деген ой - пікір де кеңінен тараған. Қобыз күйлерінің даму жолдарында олардың екі түрі белгілі. Олар аспап ішектерінің құлақ бұрауына қарай кварталық және квинталық болып бөлінеді. Кварталық көне түрінде көбінесе мифтік, аңыздық тақырыптар игеріледі. олардың сюжетінде өмірбақилық мәселе өлім мен өмір туралы баяндалады. Осы бұраудың жалғасы ретінде дамыған квинталық күйлерде бұрынғы дәстүрлі тақырыптар мен бірге қобыз музыкасы одан әрі өзінің жанрлық, құрылымдық және образдық сферасын ұлғайтады.
Дәстүрлі қылқобыз музыкасының даму процестерінде ерекше үлес қосқан классик – халық композиторы Ықылас Дүкенұлы. (1843 - 1916). Белгілі журналист, сазгер және музыкант танушы И. Жақановтың айтуынша, Ықылас Дүкенұлының творчестволық қалыптасуына «халықтың эпостық жырлары, қиял - ғажайып аңыздары, ел басынан өткен тарихи оқиғалар Ықыластың күйшілік дарынын ерте ашылуына ерте әсер етті». Сонымен қатар, зерттеушінің пікірі бойынша «кезінде Ықыластың талантына тәнті болған Жанақ пен Шөже ақындар батасын беріп, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған».
Заман ағымдарына сай қобыз музыкасы да өзгерістерге түсті. Бұл көне аспаппен қатар, оны реконструкция жасалған түрлеріне арнап жаңа формаларда, жанрларда туындылар пайда болды, орындаушылық жолдары байытылды. Ұлттық музыка тарихына ерекше талантымен танытылған, көптеген шәкірттер тәрбиелеген Д. Мықтыбаев, Ж. Қаламбаев, Г. Баязитова, Ф. Балғаева, М. Каленбаева, Б. Қосбасаров, Ғ. Молдакәрімова, Ә. Жұмабекұлы есімдері мәдени тарихымызға тұрақты түрде кірді.
Есімі бүкіл әлемге тараған музыка мәдениетінің алыбы, академик А. Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан - теңіз. 1933 жылдың ақпанынан басталған еңбек жолы қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және өркендеуі жолында алтын әріптермен жазылған жемісті беттеріне айналды. Бұл кезең жаңадан қаулап пайда бола бастаған оқу, мәдени - өнер ордаларының құрылуы мен кәсіби ұжымдардың қалыптасу кезеңі болатын. Бүгінгі таңда құрылғанына 70, 60 жыл толған республикалық деңгейдегі: Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт - аспаптар оркестрі, Жамбыл атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория және сол оқу орнындағы қазақтың халық аспаптар кафедрасы, Ұлттық ғылым академиясы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы Өнертану секторы қазақ мәдениетінің ірі қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың тікелей араласуымен және жетекшілік етуімен өмірге жолдама алған. Ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру шеберханасы ұлт аспаптар оркестріне қажетті музыкалық аспаптар, домбыра мен қобыз, өзге де халық аспаптарының үлгілерін жинап, сол үлгіде жасау және олардың сапасын жетілдіру жұмыстарын жолға қойды. Қазақ музыка өнерін дамытуға, «қара домбыраның” үні жетіліп, әуезінің, дыбыс бояуының, диапазонының өсіп, бүгінгі таңдағы орындау мүмкіндігі мол аспапқа айналуына көп еңбек сіңірген.
Музыка өнерінің мақсаты - жас ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарына баулып, олардың сұлулық пен эстетикалық көзқарасын кеңейту. Қоғам дамуында жалпы адамзат құндылықтары бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Өнер - мәңгілік асыл мұра, рухани қазына.
Бүгінгі күні біз қазіргі заман талабына сай музыка сабақтарында сан түрлі инновациялар мен технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға ұлттық өнеріміз бен, халқымыздың төл музыкасын насихаттауымыз қажет. Ата - бабаларымыз бізге өшпес қазына қалдырды, сол қазынаны бағалап, құрметтеп, сол ізді жалғастыру.
18-07-17 | Просмотров: 171 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно