rdo.kz
Авторизация

Музыкалық көңіл күй

-1
5 класс Музыка
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау.
Міндеттері:
1. Шапшаңдықты шыңдау
2. Есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Сұлулыққа, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (амандасу)
Мұғалім: Ән мен күй - табиғат сұлулығын, адамның жан тебіренісінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.
Туғанда дүние есігі ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең - селең,- дегендей, бүгінгі ән өнерімен өрнектелген сайыс сабағымызды бастаймыз. Ендеше бүгінгі сайысымызда әділ баға беретін әділқазы мүшелерін тағайындап алайық.
(Әділқазыларды сайлау)
1: «Таныстыру» бөлімі: Әр топ атын айтып, ұранын айтып таныстырады
2. «Сұрақ - жауап» сайысы (2 минуттан)
«Жауқазын»
1. Музыкалық қатарда неше нота бар?
2. Музыка қатарындағы соңғы нота?
3. Бірнеше әншінің қосылып ән айтуын қалай дейді?
4. Қазақтың ысқышпен ойналатын музыкалық аспабы?
5. Тез арада өз жанынан өлең шығаратын адам?
6. Қ. Р Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған кімдер?
7. Оркестрді басқаратын адам.
8. Күйді орындаушы
9. Форте нені білдіреді?
10. Ерлердің жуан дауысы?
11. Әннің қайталанып келіп отыратын бөлігін не дейді?
«Ақкөгершін»
1. Музыкада қатар сызылған 5 сызықты не дейді?
2. Нота сызығындағы 3 - нота
3. Дыбыс реңктері әр түрлі аспаптардың бірігіп бір шығарманы ойнауы.
4. Әннің немесе күйдің әуенін шығаратын адам?
5. Әнұранның әнін жазған?
6. Қазақтың 7 ішекті аспабы?
7. Әнді орындаушы адам?
8. Үйлену тойында айтылатын әндер
9. Пиано нені білдіреді?
10. Әйелдің жіңішке биік дауысы
11. Нота қатарындағы 1 - дыбыс?
3. «Суырыпсалма» ақындық өнер. (Әр топ берілген өлең жолдарын жалғастырулары керек)
«Жауқазын» тобына:
Сабаққа ертең ерте...
Қиналды уәдесін...
Ұйқысы қанбай қалды Исламбектің,
Түнімен теледидар....
«Ақкөгершін» тобына:
Асқар жүр коридорға барамын деп,
Қайтсем де жоқты тауып......
Үстелге апай жоқта отырып алды,
Өзінше «Мен мұғалім».......
4. «Өз әуеніңнен жаңылма» ойыны:
(Әр топтан 2 бала ортаға шығып өзі қалайтын әнін айтады. Өз әуенінен жаңылмай айтып шығуы керек)
5. «Ақ көңіл ағызайын әннің майын» (Мұғалім әннің 2 жолын айтады, қалған 2 жолын топтар кезек бойынша жалғастырады)
«Жауқазын» тобына:
«Ақкөгершін» тобына:
1. М: Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
...
О: Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын күлкі.
2. М: Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
...
О: Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
3. М: Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
О: Аңсаған күнге қол жетті міне,
Жасай бер, жаса Қазағым менің.
1. М: Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
...
О: Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп
2. М: Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған
...
О: Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
3. М: Қара таудың басынан,
Көш келеді - ай.
...
О: Көшкен сайын бір тайлақ
Бос келеді - ай, Елім - ай
6. «Өз орныңды тап» (Нотасы бар карточкалар таратылады. Оқушылар өз орындарына ретімен дұрыс тұра қалулары керек)
7. «Қазақтың ою - өрнектері» ( Әр топ ою ояды 3 мин)
8. «Шарықтасын әніміз» (Әр топ өздерінің дайындаған әндерін айтады)
Ендігі кезекті әділқазыларға береміз. (Әділқазылар қорытынды шығарып балаларды марапаттайды)
Аталар борышын ақтаймыз деп,
Жалындап жанамыз, жатпаймыз тек,
Халықтың ән күйін болашаққа,
Апарып дәстүрін сақтаймыз деп, бүгінгі «Музыкалық көңіл күй» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Сау-сәлемет болыңдар!
18-07-17 | Просмотров: 451 | 1 комментарий

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
werty`
22 июля 2017 12:36
Жақса сайыс сабақ екен. Жазып алдым
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно