rdo.kz
Авторизация

Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері

Мұғалім: Бактыбаева Зарина Узакбаевна
Қазақстан тарихы 6 сынып
Тақырып: §58-59. Көшпелілердің әдет-ғұрыпы мен діни түсіктері
Өткізу түрі: Ауызша сабақ-2, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 6 сынып.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыда ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Сабақтың көрнекіліктері: матрица,интерактивті тақта, слайд,сынып тақтасы 

1Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация
(2 минут)
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар!
Оқушылар: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар. Мектебімізге қош келдіңіздер!
Здравствуйте, дорогие гости.Добро пожаловать в нашу школу!
Good morning dear guests, welcome to our school
Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-2″ картасы негізінде өтеді.
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.
Айда: Біз мықтымыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Біз алғырмыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Біз шапшаңбыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Біз қойылған нәтижеге жете аламыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Олай болса АЛҒА, АЛҒА,АЛҒА!
Сынып: АЛҒА,АЛҒА,АЛҒА!

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім, білімдіні сүйетінін білем елдің».
Тақтаның жоғарғы оң жағына
63% нормасының саны
қойылады. 20 оқушыдан 13-і№1.кесте


Іс әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіруБір мәрте қол соғып зейіндерін шоғырландыру
Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар:
  1. Көшпенділер немен етене жақын? Табиғат
  2. Нені сақтау көшпенділердің рухани мәдениетінің ерекше үлгілері?Табиғаттың үйлесімділігін, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну, ата салты
  3. Сақтардың түсінігінде әлем неше бөліктен тұрады? Үш әлем: жер асты, жер әлемі, аспан әлемі
  4. Не туралы түсінің Есіктен табылған сақ патшасының бас киімінде бейнеленген? Сақтардың ғарыш туралы түсінігі
  5. Баскиімнің алдыңғы жағында нені бейнелеген? Бүкіл аспан әлемінің бейнесі болып табылатын күн белгісі
  6. Көшпелілер әлем бағытын қалай тұрып анықтаған? Бетін шығысқа бұрып
  7. Нені адамның дүниеге келуімен, өмірдің басталуымен байланыстырған? Күннің шығуы мен Айдың тууын
  8. Қола, ерте темір дәуірінің көшпелілері қайтыс болған адамды жерлегенде басын қайда қаратып қойған? Батысқа
  9. Олардың дүниетанымы не түрінде болды? Анимизм
  10. Адамның жер бетіндегі өмірі не деп аталынды? Бұл дүние (фәни)
  11. Қай дүние мәңгілік деп білді? Бақи
  12. Қайдан табылған айылбаста үш жыртқыштың шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген? Орталық Қазақстаннан
  13. Бұл сақ дәуірі адамдарының түсінігі бойынша тіршілік иелерінің несін суреттейді? Өлім мен өмір арасындағы күресін
  14. І Петрдің не деп аталатын мұрағаттарынан даосындай өлім мен өмір күресі ерекше айқын көрінеді? «Сібір коллекциясы»
  15. Қазақстан аумағында жаппай таралған нелер сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады? Петроглифтер-жартастардағы суреттер.
  16. Таңбалы аңғарынан Қойбағар, Арпаөзен жартастарында сақтардың несі бар? Ондаған бейнелері
  17. Сонымен өмір мен өлім үшін күрес қайда көрініс тапқан?Жартастағы гравюраларда және сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында да
  18. Олардың арасында суретшінің өзіне ұнаған кейіпте салынған нелердің бедерлері бар? Бұғылардың суреттері, аю мен басқада жыртқыш аңдардың
  19. Аң бейнелері бар заттар қасиетті не саналды? Тұмар немесе бойтұмар
  20. Сақтардың түсінігінде сәйгүлік жылқыны немен байланыстырады?Күнмен және отпен
Екі минус алған оқушыға «Құтқару шеңбері» сұрақтары:
        1. Әрбір ру не тайпаның не есептелген? Бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті, т.б аңдар.
        2. Есік қорғанынан табылған патшаның несінде бейнеленген қанатты аттар күн қозғалысын білдіреді? Баскиімінде
        3. Көне түркілер тас мүсіндерінің бетін қайда қаратқан? Шығысқа
Бірінші белгі
Тақтаға нәтижені жазу:
1 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Қабылдауды ұйымдастыру
(7 минут)

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады
Бірінші сыни нүкте. §58-59. Көшпелілердің әдет-ғұрыпы мен діни түсіктері
Оқушылар оқулықтан 186 беттегі мәтінді оқып, тақырып бойынша көрсетілген нормаға сай 7 тірек сөздерді табады. Алдымен оқушыларға мәтінді оқуға мүмкіндік беріледі (3 минуттан бұрын болса айта береді), одан кейін олар қолды көтеріп сөздерді атай бастайды.Егер оның сөздері мұғалімнің тірек сөздерімен сай келсе ООМ ұяшығына оқушы плюс алады, уақыт аяқталғанша оқуды жалғастырады. Егер сәйкес келмесе, оқушы сөздер сәйкес келгенше немесе уақыт біткенше оқуды жалғастырады. Уақыт аяқталғаннан кейін әр оқушы плюс немесе минус алады. Мұғалім тірек сөздерді іздеуге оқушыларды ынталандырады.
7 тірек сөз эталоны:
  1. Дәстүр
  2. Қонақжайлылық
  3. Көшпелі
4-5. Құдайы қонақ
    1. Жеті ата
Екінші белгі
мәтіннің бір парағына;
5-6 сынып: 3 минут мәтіннің бір парағына.
2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді.
Тақтаға нәтижені жазу:
2 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Түсінуді ұйымдастыру
( 6 минут)
Жаттауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа жазады. Жазып болғаннан кейін, тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді. Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бақылайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, екі оқушы да минус алады, нәтиже дұрыс берілмегені үшін.
7 тірек сөз эталоны:
  1. Дәстүр
  2. Қонақжайлылық
  3. Көшпелі
4-5. Құдайы қонақ
6-7. Жеті ата
Үшінші белгі
Жаттауға берілген уақыт
нормативі:
7 сөз – 30сек.
2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді Есте сақтау бойынша жіберу: бір сөз минус. Тақтаға нәтижені жазу:
3 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

(сөздерге байланысты жаттауға да жазуға да уақыт бірдей беріледі)

Түсінудің бірінші тексерілуі
(7 мин)
Қарама-қарсы сұрау. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды рет ретімен емес, оқушылар түсінбеген тақырыптарды ашады, түсіндіреді. Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрағын қайталайды және минус тұрған кез келген оқушылардан сұрайды.Егер жауап алмаса, мұғалім сыныптан сұрайды, жауап берілмесе өзі жауап береді.
Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға «Құтқару шеңбері» тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алады. Бұл ереже «Сыни сұрауда» да қолданылады.
Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.
Қарама-қарсы сұрақтар:
  1. Көшпелілердің өмір бойы қалыптасқан несі ертеден-ақ жасалған?Әдет ғұрып, салт дәстүрлерінің айқындалған, ел таныған сара жолы
  2. Мұнда ненің даналық ережелері жинақталған? Адамгершілік, тектілік, парасаттылық пен мейірімділік келбетінің
  3. Тәлім тәрбие және рухани іс әрекеттің көрінісі не арқылы танылды?Дәстүр
  4. Нелер дәстүрге жатады? Ата ананы, үлкенді құрметтеу, сәлем беру, ат тергеу, сүйінші сұрау, т.б
  5. Көшпелілерге тән ерекше қасиеттердің бірі олардың несі?Қонақжайлылығы
  6. Қатаң табиғат аясында өмір сүрген жұрттар үшін не міндет саналған?Бір біріне көмек көрсету
  7. Алыстан келе жатқан жолаушыға кім деп қараған? Құдайы қонақ
  8. Көшпелілік қоғамдаадамдар арасындағы өзара қарым қатынас не арқылы реттеліп отырған? Белгілі бір жөн жосық, тыйымдар
  9. Бүкіл қоғамдық шаруашылық құрылымы қандай жүйеге негізделген?Туыстық рулық
  10. Қандай қатынастарды сақтау өте маңызды еді? Қандас туысқандық
  11. Біздің аталарымызға дейін кейінгі ұрпағына нені міндеттеген? Жеті атасын білуді
  12. Әр адам неше атаға дейін жақын туыс саналады? Жеті
  13. Бұрынғы адамдар бір бірімен танысқанда, жүздескенде не істеуі осыдан шыққан? Руын, тегін сұрауы
  14. Өз ататегін білу ненің бір саласы саналған? Тектілік әрі даналық қағида мен жөн білудің
  15. Қалай көшпелілер елдің елдік қалпын сақтай отырып, салт пен сананың, әр шаруаның реті мен жолын бір жүйеге түсірді? Мыңдаған жылдар бойы
  16. Не нәрсе көшпелілердің адамзат руханиятына қосқан үлесі? Тәңірге табыну, тәңіршілдік діні
  17. Тәңіршілідік алғашында дін емес, не туралы дүниетаным еді? Табиғат қоршаған әлем
  18. Кімдер үшін табиғаттың маңызы зор болды? Көшпелі, жартылай көшпелі бақташылар
  19. Табиғат олардың малын немен қамтамасыз етті? Жайылым және су көзімен
  20. Көшпелілердің бүкіл киімі неден дайындалды? Мал өнімдерінен
«Құтқару шеңбері» сұрақтары:
  1. Сақтар неге мінажат етті? Ата баба аруағына
  2. Не нәрсе малшы-көшпелілерге өздерінің табиғат алдында әлсіздігін білдірді? Найзағай, өрт, су тасқыны, мал мен адамға жиі келетін індетаурулар және басқа табиғи апаттар
  3. Неше атаға дейін қыз алыспаған? Жеті
Төртінші белгі
Сұрау кезінде егер оқушылар
жауап берсе, онда: бірінші
нұсқадағылар тест құрады,
екінші нұсқадағылар оқуды
жалғастырып, тестілеуге
дайындалады.
Тақтаға нәтижені жазу:
4 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру.
(5 минут)
Өз аралық тестілеу. Екі нұсқа беріледі.
1. Егер сабақтың аяғына дейін уақыт жеткілікті болса, тестік жекпе-жек ұсынылады. Бір оқушы екінші оқушыны шығарады, бір-бірімен сұрақтармен алмасады.
2. Егер уақыт жетпесе бір жақты сұрау мүмкін: бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді.
Оқушылар өтілген тақырып бойынша тест құрайды және басқа оқушының сайтын атай отырып (ООМ бойынша) сұрайды.



Үшінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға «Құтқару шеңбері» тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алады.
«Құтқару шеңбері» сұрақтары:
  1. Алыстан келе жатқан жолаушыны қалай атайды?
А) Жеті ата B) жорықшы C) құдайы қонақ
  1. Неше атаға дейін жақын туыс саналады?
А) 7 ата B) 12 ата C) ата
  1. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде не істеген?
А) сәлемдескен B) жағдай сұраған C) ру сұрасқан
Бесінші белгі
Тестік жекпе-жекте
жеңгендерге плюс жеңілгендерге минус
қойылады.
Тест – үш жауаптан тұратын
сұрақ. Жауап толық болуы
керек. Егер барлық оқушыларға сұрақ жетпесе, мұғалімнің өзі сұрақ қоюына құқы бар.
Тақтаға нәтижені жазу:
5 кезең ≤ немесе ≥ нормалар
56 cөз

Талдау
(5 минут)
Өтіліп жатқан тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Сөздер қысқартылмай, анық жазылады. Шығарма түрінде жазуға да рұқсат етіледі. Жалғаулықтар сөзге жатпайды. Егер алдыңғы кезеңде тестік жекпе жек болған болса, ТСҚ өткізуге уақыт жіткіліксіз болып қалса, бұл қателік болып есептелінбейді 4 баға саны бағалауға жеткілікті.
Шығарма не эссе жазғызу.
6 сынып56 сөз

Алтыншы белгі
Тақтаға нәтижені жазу:
6 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Рефлексия
(2 минут )
Төртінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа 4- 5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес талдау жасайды. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады.Егер алғашқыда талап етілгендей болмаса қиналмаңыз, есіңізде болсын, оқушылардың ойлау қабілеті жаттығып жатыр, талап етілген бағаларды алу үшін уақыт керек.


Бағалар
(2 минут)
Журналға баға қою нормативі:
4 – 5 баға – 5 ұпай
3 баға – 4 ұпай
2 баға – 3 ұпай
1 баға – 2 ұпай
Сапа нормативі орындалды деп есептелінеді, егер 63% оқушы 5 ұпай алса. 3 кестеге қараңдар.

Үй тапсырмасы4-баллдан кем алған оқушыларға 58-59-параграфты оқып, тақырып соңындағы кестені толтыру.4-баллдан кем алған оқушылар
үй тапсырмасын
дайындайды
7-11-17 | Просмотров: 148 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно