rdo.kz
Авторизация

Абылай хан

Райымбек ауданы.Сарыжаз ауылы.Сарыжаз орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Толепбергенова Арайлым Акаевна 87756542703
Қазақстан тарихы 5 сынып
Тақырыбы: Абылай хан

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).
«Көпір» (жеке жұмыс)
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
  1. Абылай кім?
Ж: Қазақтың ұлы хандарының бірі.
  1. Абылай кезеңінде қазақ хандығына кімдер шапқыншылық жасады?
Ж: Қазақ хандығына Абылай кезеңінде жоңғарлар шапқыншылық жасады?
  1. Жоңғарлардың қазақ хандығына не себепті шабуыл жасады?
Ж Шұрайлы жерлерін басып алу үшін.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1. Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр, ол 1711 жылы дүниеге келген.
2. Абылай хан Шыңғысханның ұлы Жошыдан тараған.
3.Әбілмансұр Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы, атасы – Түркістан қаласының билеушісі (оның есімі де Абылай) болған.
4. Әбілмансұрдың әкесі Уәли жоңғарлармен болған шайқаста қаза тапқан.
5. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, «Сабалақ» деген ат алады.
6.Сабалақ ержеткен шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгенбаймен танысады.
7.Абылайдың өмірі мен ерлігін Бұхар жырау жырлаған.
8. Абылай 15 жасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене араласты.
9. 1740 жылы тамыз айында Абылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет Орскіге келіп,Ресей империясының билігін мойындады.
10. Абылай ханның серіктері Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тарақты Байғазы, Малайсары, Баян батырлар жоңғар феодалдарымен күресін өрістетті.
11. 1778 жылы 24 мамырда Абылай Орта жүздің ханы болды.
12. Абылай 1781 жылы дүние салды, ол Түркістандағы Ахмед Иасауи кесенесіне жерленген.
2-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторлары:
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
Себебін анықта:
1.Неліктен Абылайға «Сабалақ» деген ат берілген?
Ж. Себебі Төле би үсті – басының тоз – тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойыпты – мыс.
2. Абылайдың 15 жасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене араласуына не себеп болды?
Ж. Абылай қазақтарды жоңғар шабуылдарынан құтқару, елдің тыныштығын, бірлігінқамтамасыз ету болды.
3. Абылайдың өмірі мен ерлігін Бұхар жырау неге жырлаған?
Ж: Абылай ханның кеңесшісі әрі қазақ хандығы дербестігінің жаршысы Бұхар жырау өз толғауларында ханға озық ойлы мемлекет қайраткері, ұлы тұлға ретінде жоғары баға берді.
4. Неліктен Абылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет Ресей империясының билігін мойындады?
Ж: Қазақ билеушілері бұл әрекетке жоңғар шапқыншылығы қаупі төнген ауыр жағдайда елге төнген қатерден құтылудың басқа жолы болмағандықтан, амалсыздан барды.
5. Абылай ханның серіктерінің жоңғар феодалдарымен күресінің өрістеу нәтижесінде не болды?
Ж: Қазақтардың жұмыла күресуі Жоңғар мемлекетін әлсіретті.
6. Ресей үкіметі Абылайды неліктен хан етіп бекітті?
Ж: Ресей патшасы ІІ Екатерина «сазайын тартқыз да, төрелік ет» деген саясатын сақтай отырып, Абылай хан өзіне берілген символдан бас тартса да, патша өкілдері хан ауылына грамотаны әкеліп берді.
7. Абылай дүние салғаннан кейін қазақ хандығы неліктен әлсіреді?
Ж: Абылайдың баласы Уәлидің табандылық көрсете алмауы, елдің ынтымағын,бірлігін сақтай алмауына байланысты.
3-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары:
1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмалардыВенн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
(1-3). Кесте арқылы Абылай хан билігі кезеңінің тарихи маңызын ажырату.

Қазақ ханы
Абылай хан ұрпақтарының кезеңі
Абылай хан кезеңі











Абылай хан кезеңіАбылай ұрпағы кезеңі
-қазақ хандығының шекарасынқалпына келтірді.
-елдің саясатын дамытқандипломат атанды.
Егін шаруашылығы саласына көп көңіл бөлді.
-Қазақ хандығын әлсіретті
-Қазақ халқының ынтымағын, бірлігін сақтай алмады.
- патша үкіметінің отаршыл саясаты күшейді.
4. Тақырыптың басты идеясы неде?
Абылай өз заманының көреген де ақылды саясаткері, даңқты батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған.
а) ерекшелігі:
Қазақ хандығын билеуде жаңа өзгерістерді заңдастырды.
Ірі ұлыстарды билеуге сұлтандар тағайындады. Билер қызметіне шек қойды.
Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытты
ә)салдары:
Абылай жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырып, қазақ халқын қорғады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуында түбірлі өзгеріс енгізген мемлекет қайраткеріатанды.
4-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
Тақырыптың басты идеясы бойынша құрылған кестедегі бос орындарды толтыр

ЖылдарОқиғасы
1711жӘбілмансұр дүниеге келген жыл
1731жЖоңғарларға қарсы шайқаста Абылай атасының есімін ұран қылып, өзінің ерлігімен қазақ жасақтарын қиын жағдайданқұтқарды.
1740ж тамызАбылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады.
1740-1742Абылай Ресейге ант берген жылдары
1778 жылыАбылай Орта жүздің ханы болды
1741 жылыАбылай хан жоңғарлардың тұтқынына түсті
1757 жылыАбылай Қытай билігін мойындаған жыл

1781жАбылай дүние салды.



Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналғанпрактика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
5-қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады

Картамен жұмыс:
Абылай хан қарым қатынас жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.


6-қадам (топтық жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практика жұмысы нәтижесінде) өмірдегі жағдаяттардышешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың:
Қалай ойлайсыңдар, «Абылай хан қазақ даласында ұлы істер тындыру үшін жіберілген құдіретті билеуші болды»
Абылай ханның қызметіне Шоқан Уалиханов неліктен осындай жоғары баға берген?
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.
Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1-қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
Бос орындарға тиісті сөздерді жаз:
1-тапсырма. Абылай тұлғасының «Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай»
болып қалыптасуын таныстыру.
2-тапсырма. 1740 жылы тамыз айында Абылай мен Әбілмәмбет Ресей империясының билігін мойындады.
3-тапсырма. Абылайдың Бұхар жыраудан басқа Тәтіқара мен Үмбетей жыраулар да ерлігін жырлаған.
4-тапсырма. Абылай 1781 жылы Түркістандағы Ахмед Иасауи кесенесіне жерленген.




2-қадам (жеке жұмыс) Практика жүзінде
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегі5-қадамның қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
1-тапсырма. Абылай ханның қай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытқанын анықта:
Ж: Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай

1-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларынмеңгере алмаса.








ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес
сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін).
1-тапсырма. Себебін анықта:
Қазақтардың жұмыла күресуі Жоңғар мемлекетін неліктен әлсіредіАбылай ханның жоңғар феодалдарымен күресінің өрістеу нәтижесінде не болды?
Ж: Абылай ханның серіктерімен жоңғар феодалдарымен күрестің өрістеу нәтижесінде.
2-тапсырма.
Неліктен Ресей патшасы ІІ Екатерина «сазайын тартқыз да, төрелік ет» деген саясатын сақтай отырып, Абылай хан өзіне берілген символдан бас тартса да, патша өкілдері хан ауылына грамотаны әкеліп берді.
Ж: Ресей үкіметі Абылайды хан ету себебі, екі ірі мемлекет қыспағында болған ел билеушісінің басты мақсаты –мемлекетдербестігін сақтау болды.

2-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды кестені толтыру арқылы салыстыр.
3-тапсырма1-3) Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жазу арқылы салыстыр.
Абылай хан билеген кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.

Абылай хан кезеңі
-қазақ феодалдық мелекеті шекарасын қалпына келтірді.
-елдің саясатын дамытқан дипломат атанды.
- қазақ халқында егін шаруашылығын дамытты.
-Жоңғар шабуылына қарсы елді біріктірді.
4 Тақырыптың басты идеясы неде?
Абылай хан қазақ халқының бірлігін, тыныштығын сақтады.
а) ерекшелігі:
Қазақ хандығын билеуде жаңа өзгерістерді заңдастырды.
Ірі ұлыстарды билеуге сұлтандар тағайындады. Билер қызметіне шек қойды.
Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытты
ә)салдары:
Абылай жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырып, қазақ халқын қорғады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуында түбірлі өзгеріс енгізген мемлекет қайраткері атанды
3-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)

4-тапсырма. Дұрыс жауаптарды белгіле:
1.Абылай кезіндегі Қазақ хандығының астанасы?
А)Түркістан Ә)Тараз Б)Сығанақ
2.1740 жылы тамыз айында Абылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет қай қалада Ресей империясының билігін мойындады?
А)Түркістан Ә)Орынбор Б) Орск
3. Абылай хан қай жылдары хандық құрды?
А)1748-1786 ж.ж. Ә) 1718-1748 ж.ж. 
Б)1771-1781 ж.ж.
4.Абылайдың атасы қай қаланың билеушісі болған?
А)Тараз Ә)Түркістан Б)Сығанақ

2-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.















ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау»
критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.
1-тапсырма. сөзжұмбақты толтыр
  1. Абылай хан қай қалада жерленген.
  2. Абылайдың лақап аты.
  3. Жоңғарлармен күрестегі Абылайдың серігі.
  4. Абылайдың азан шақырып қойған есімі.
  5. Қазақ хандығына Абылай кезеңінде қай ел билеушілері шапқыншылық жасады?
  6. 1740 жылы тамыз айында Абылай мен Орта жүз ханы Әбілмәмбет қай елдің билігін мойындады?

ТҮРКІСТАН









САБАЛАҚ




НАУРЫЗБАЙ





ӘБІЛМАНСҰР



ЖОҢҒАР







РЕСЕЙ






2-қадам (жеке жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегіжағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.
2-тапсырма. Сен қалай ойлайсың?
Абылайдың есімі Қазақстан тарихында қандай орын алды?
Ж: Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктіңсимволы.
3-тапсырма.Сабақта алған білім, біліктілігіңді өмірдегі қандай проблемалық ситуацияны шешуге қолдануға болады?
Мысал келтір. Оның шешуін тап.
Абылай хан сияқты ынтымақ, бірлік, тату көрші тұруды ойлаймын.
Елімізде бейбітшілік болсын.
3-нәтиже:
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).
7-11-17 | Просмотров: 113 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно