rdo.kz
Авторизация

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан

Тақырыбы: Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
ЖЭС оның себептерін, мәні мен нәтижелері туралы білімдерін бекіту.
ЖЭС тоқталуының себептерін , еліміздің әрі қарай қарқынды дамуына
ЖЭС маңыздылығын анықтау.
Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілетттерін, салыстыру дағдылары мен зерттеушілік мүмкіндіктерін дамыту. Топта бірігіп жұмыс істеу және өздерінің нәтижелерін көрсете білуге баулу.
Тәрбиелілік:
Өздерінің көзқарастарын қалыптастырып, дәлелдей білуге,азаматтылық, тарихқа деген қызығушылықты тәрбиелеу.
Сабақтың тәсілі: ББД пысықтау.
Сабақтыі әдісі:репродуктивті, пікір айту,топпен-ізденіс.
Жұмыс түрі: топпен
Пәнаралық байланыс: жалпы тарих, қазақ және орыс әдебиеттері, қоғамтану.
Көрнекілік: презентация.
Құрал жабдықтары: интерактивті тақта,кеспе қағаздар, карточкадағы тапсырмалар, түрлі-түсті жетондар, рефлексия және бағалау парағы.

Сабақтың ұраны:
«Тарихтың өткенін білмейінше, қазіргі және келешекті болжау мүмкін емес»
Әл Фараби
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Психологиялық тренинг: Қазір назарларыңызға ұсынған сурет кесіндісін таңдап, өз сыңарларыңызды табу арқылы, топқа бөлініп, сол суреттер еліміздің тарихының қай кезеңдерін бейнелейтіндігі туралы пікір білдірсеңіздер.
Суреттің көмегімен топқа бөліну /3 топ /.
1.топ «Әскери коммунизм»
2.топ «ЖЭС»
3.топ «Нұрлы Жол»
/топтағы жұмыс ережесі/.
Топтағы міндеттер:
КӨШБАСШЫ - топты басқаратын адам
ХАТШЫ- негізгі мәліметтерді жазып отырады
ТАЙМКИПЕР -уақытты қадағалап отырады
БАЯНДАМАШЫ -сөз сөйлейді, баяндайды
САРАПШЫ - жұмысты саралап, бағалайды
РЕТТЕУШІ –жұмыс барысын реттейді


Алтын ереже
Жұмыстың нәтижелі орындалуына ықпал ететін, топтың барлық мүшелеріне ортақ болатын, топ мүшелерінің өздерімен сайланатын тәртіп ережелері
Топты бағалау: «дөңгелек,төртбұрыш, үшбұрыш» арқылы бағаланады
Сабақта өз жұмыстарының сапасы мен белсенді қатысуын бағалау үшін бағалау парағын ұсынамын.
Тапсырманың өз жауабына топтағы әр оқушы бағалау парағында белгі қояды.
«V» - мұғалімнің сұрауымен жауап бердім, бірақ жауабым дұрыс емес
«W» - мұғалімнің сұрауымен жауап бердім, жауабым дұрыс
«
»  - өз ниетіммен жауап бердім,бірақ жауап дұрыс емес
«+» - өз ниетіммен жауап бердім, жауабым дұрыс 
«0» - жауап берген жоқпын.

Сабақтың барысы:
ІІ. кезең: сабаққа төселту сәті
1 тапсырма: Тарихқа саяхат сұрақ –жауап әдісі бойынша жүреді.
1 топ. «Әскери коммунизм»
1. Азамат соғысы мен интервенция жылдары Кеңес мемлекетінің жүргізген
экономикалық саясаты...
2. 20-шы жылдары кеңес үкіметінің әйелдерге қатысты жүргізген іс-
шаралары...
3. 1921-22 жылдары іске асырылған...
4. 9 наурыз 1920 жылы Кеңес үкіметі қабылдаған қаулы:
5. 1921 жылғы ашаршылықтың себептерінің бірі...
2 топ. «ЖЭС»
1. «Әскери коммунизм» саясатымен салыстырылғанда жаңа деп аталған...
2. Жер-су реформасының негізгі мақсаты?
3. 22-қарашада Қазақтанның Орталық Атқару Комитеті  «іс жүргізу қырғыз (қазақ)
тілінде жүргізуі» туралы Декрет шыққан жылы:
4. 1921 жылы 14 маусымда енгізілген декрет? 
5. «Кіші Қазан» жаппайы ұжымдастыру курсы мен «ауылды кеңестендіру»ұранының
авторы...
  1. топ. «Нұрлы Жол»
  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылы 11 қараша айындағы Қазақстан халқына
Жолдауы ...
2. Қазақстанда жастар қозғалысының жетекшісі болған...
3. 1921 жылы құрылған кедейлер ұйымы? ...
4. Қазақстанның екінші астанасы? ...
5. Нарықтық қатынастардың нығаюына қарай салық төйлеудің тек ақшалай түрі қашан
енгізіді? 
2 тапсырма:  топта с карточкамен жұмыс
/ Анықтамасын беру/
1.Азамат соғысында жеңіске жету үшін, барлық ресурстарды бір орталыққа яғни
мемлекеттің қолына шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік экономикалық жүйенің қолданған әдісі.
2. Жеке меншік кәсіпорындарының мемлекеттік меншікке өтуі
3. Ақпан революциясынан соң Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік қатар өмір сүруі.
1. Билік басының шыңында әскерилердің демократиялы емес режимде болуы
2. Ертерек сотталғандардың жазадан босатылуы.
3. саяси мәселені барынша тиімді әдістер мен шұғыл шаралар арқылы шешуді
қолдайтын топ.
1. мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.
2. Келісім арқылы өздерінің қарама- қарсылықтарын шешуге мүмкіндіктері жоқ, мемлекет ішіндегі әр түрлі көзқарастағы күштер арасында қарулы қақтығыс .
3. Тәуелсіз мемлекеттің ішкі жағдайына сырттан қарулы күшпен қол сұғу.

IІI. кезең: тақырыпты ашу
1.тапсырма: /постер жасау/
1. ЖЭС енгізу себептері . Күйзеліс,жоқшылық, қайыршылану /ӘК/
2. ЖЭС мәні " ЖЭС бұл шынайы саясат және ұзаққа, … бірақ мәңгі- бақи емес.."/ЖЭС/
3. Ресей Коммунистік Партияольшевиктер) 10-шы съездінде " Алдымен- экономика,
сосын саясат..." ЖЭС жетістіктері. ЖЭС және қазіргі заман /Нұрлы Жол/
ІҮ.  кезең: тақырыптың өзектілігі
1.тапсырма «Мнемотехника» /Дәптерде жұмыс/
Тақырыбы: ЖЭС, индустриаландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
А) Есте сақтай отырып, сөздерді жазу:
«15»-ке дейін -3
«16» - «22» -4
«23»- «30» - 5
1. ЖЭС, салғырт , 10 съезд
2. ынталандыру, нарық, тұтыну кооперациясы
3. жалға алу, шаруашылық есеп,  жалдамалы еңбек
4. несие  , көшу, ұжымдастыру
5. артель,  көтеріліс , индустриаландыру
6. аштық , орта шаруа , жер-су реформасы
7. еңбек армиясы, салық  ,тәлкілеу
8. сауда, ақысыз қызмет, ақша реформасы
9. " Қосшы",трестер, " Кіші Қазан"
10. батрақ /малай/ , салғырт, шикізат өңірі

2. тапсырма
ЖЭС-қа қатысты ұғымдардың астын сызу.

3. тапсырма « ТАРИХИ БАСПАЛДАҚ »
Ұғымдар: Қошы, көтеріліс, аштық, 10 съезд, жер-су реформасы, әскери коммунизм

4.тапсырма «Фишбоун» әдісі арқылы шағын жоба құрастыру.
«фишбоун»әдісін қолдана отырып, әр топ өз түстеріне тән карточканы таңдап айтылған пікірлер бойынша шағын жоба құрастырады: 1 басы мәселелі сұрақ , 2 қабырғасы жоғарғы себептер, төменгі – дәлелдер 3 құйрығы - шешім
1 «Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану...»
2 «ЖЭС бұл шынайы саясат және ұзаққа, … бірақ мәңгі- бақи емес …»
3 «Алдымен- экономика, сосын саясат..»
«Алдымен- экономика, сосын саясат...», «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы Жол»Жолдауын тұрақты даму, шикізат елінен дамыған
30 ел қатарына қосылу және адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болашақтың бағдаршамы- деп, қабылдаймын. Бүгінде бүкіл әлем саяси және экономикалық тұрақсыздықтың қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа қатерлеріне тап болуда. Мұндай жағдайды терең түсінген, жаһандық дағдарыстың шырғалаңының шешуін табу жолдарын айқын көре білетін Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев экономикалық саясатты қайта бағдарлау қажеттілігін көрсетіп отыр. Өз жолдауында Елбасы Жаңа Экономикалық саясаттың өзегі ретінде — инфрақұрылымды дамыту аясын атап көрсетті. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы Елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бір-бірімен сауда саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады.

Ү. кезең: қорытындылау
1. тапсырма:« Ұғым дөңгелегі » кластерін құру.
Ұғымдар: «Әскери коммунизм», «ЖЭС», «Нарық ».

2. тапсырма:
Бағдаршам тесті
(қызыл- әскери коммунизм, сары- ЖЭС, жасыл  Нұрлы Жол)
Жердің ұсақ кәсіпорындарға жалға берілуі...-
Көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту... -
Нарық қатынасының қолданысына шектеу қою, экономикалық мүмкіндік беру жолы арқылы билікке ие болу- саясаттың мақсаты...-
Коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тыйым, бір орталықтан жоспарлауға көшу, еңбек армиясын құру... –
Еңбек міндеткерлігі жойылды...-
Шағын және орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау... –
Сауда саттыққа тыйым салу ... –
Экономика өсімін ынталандыру: көлік,энергетика,индустриялық инфрақұрылымды дамыту... –
Жердің ұсақ кәсіпорындардың жалға берілуі...-
Азық-түлік салғырты... –
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту... –
Азық-түлік салығы...-

3.тапсырма: синквейн құрастыру:
/ сөздер: «Әскери коммунизм», «ЖЭС», «Нұрлы –жол»/
1 –ші жол – синквейіннің негізгі тақырыбын ашатын зат есім.
2 –ші жол – негізгі ойды білдіретін екі сын есім.
3-ші жол – тақырып төңірегінде іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.
4- ші жол – нақты мазмұнды анықтайтын сөйлем.
5-ші жол – зат есім түрінде қорытынды ( бірінші сөзбен ассоциацияланатын).
ҮІ. кезең: үй жұмысы
Шағын жоба: қазақ және кеңес жазушыларының шығармашылығындағы ЖЭС жылдарындағы Қазақстанның бейнеленуі.

VІІ.кезең: сабақты бағалау
Формативті (Көшбасшының өз тобын бағалау).
Суммативті ( Бағалау парағындағы ұпай арқылы).
Рефлексия:
1 Топтардың сабақ туралы пікірлері смайликтер: «үздік», «жақсы», «қанағат».

VIIІ.кезең: сабақ қорытындысын шығару.
Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. «Алдымен- экономика, сосын саясат...» ұстанған, тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл мерейтойы құтты болсын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.
Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
7-11-17 | Просмотров: 264 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно