rdo.kz
Авторизация

Қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер

Тақырыбы: Қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар қоладан жасалған еңбек құралдарының тиімділігін анықтайды, қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылығы жайлы оқи отырып, шаруашылықтағы жетістіктерді, тас дәуірінен ерекшелігін айқындайды, түсінеді.
Дамытушылық: Көшпелілер өмірі, шаруашылығы, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығын, егіншілік пен зегерлік өнердің дамуын өздігінен, жұппен жұмыс жасай отырып түйінді қорытынды жасау дағдылары артып, қола дәуірі жайлы білімдері кеңейеді. қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өзара диалогқа түсу арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйластыққа үйренеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту, білімдерін пысықтау
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, сызба.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау, бағалау
VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (3 минут)
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
2. Оқушыларды топқа бөлу( Андрон, Алакөл, Федоров)
Нағыз білім атаулыға, өздігінен білім алу арқылы ғана қол жеткізеді.
(орыс жазушысы) Н. А. Рубакин
Бағалау критерийлерін анықтап алу

Үй тапсырмасын сұрау
І. Миға шабуыл
Қола дәуірі жайлы не білесіңдер?
ІІ. Ой қозғау (өткен тақырыптардан сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ) (5 минут)
І топ
1. Андрон мәдениетінің аталу себебі. (Андроново селосы маңынан табылған)
2. Андрон тектес қола мәдениетінің таралу аймағы. (Жайық пен Енисей, Батыс Сібір мен Памир тауы)
3. Солтүстік пен Батыс Қазақстанда ғалымдардың зертттеген қоныстарының саны?(80)
4. Қола дәуіріндегі алғашқы қала үлгісіндегі тұрақ? (Түгіскен кесенесі)
5. Солтүстік Қазақстандағы тұрақтар және оны сипатта. (орлармен дуалдармен қоршалған)

ІІ топ
1. Түгіскен кесенесіне сипаттама (күйдірілмеген кірпіштен салынған, айналма дәліздер)
2. Андрондықтардың сырт бейнесін зерттеген ғалым. ( В. П. Алексеев)
3. Андрондықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан? Мал шаруашылығы, егіншілік)
4. Андрондықтардың мал өнімдерін пайдаланғаны туралы археологиялық зерттеулердің дәлелі (сүзбе жасауға арналған сүзгіш ыдыстар)
5. Қола дәуірінің қоныстары қандай жерлерде орналасты? (өзен бойы, шөбі шүйгін, желден ықтасын)

ІІІ топ
1. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі ерекше өрістеді? (Көзе құмыралар жасау)
2. Андрондықтар шаруашылықта дербес салаға айналған ісі? (металл өңдеу мен кен өндіру)
3. Ғалымдар қазақтың киіз үйін кімдердің баспанасына ұқсатады? (андрондықтардың)
4. Андрон мәдени - тарихи бірлестігі. (Алакөл мен Федоров)
5. Алакөл мәдениетінің таралу аймағының ерекшелігі қандай? (Қоныстар қоршалмаған, мыс қорытатын пештер болды)
6. Федоров мәдениетінің ескерткіштері таралу аймағы мен ерекшелігі? (Қоныстың бір жақ бөлігінде металл өндірісі оңаша орналасқан)

ІІІ. Жұптық жұмыс. Сөйлемдегі қалып қойған сөздерді толықтыр (7 минут) «Тарихи диктант» Жұптаса отырып сөйлемдегі қалып қойған сөздерді толықтырады
І топ (Андрон)
Андрондықтар дене құрлысы жағынан_____________________________ ұқсаған. Археологтар алғашқы олжаларын Оңтүстік Сібірдегі_______________ ауылының маңынан тапқан. Ғалымдар Ресей мен Қазақстанның шекарасында қазіргі қалалардың негізін қалаушы__________________ қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Солтүстік қола дәуіріне жататын қоныстар ______________ мен ______________.
Кілт сөздер: Андроново, еуропоидтерге, Арқайым, Петровка, Боголюбов

ІІ топ (Алакөл)
Сырдарияның төменгі ағысында күйдірілмеген кірпіштен салынған ___________ қола дәуірі ескерткішіне жатады.
Орталық Қазақстан аумағынан _______ қоныс пен _______ қорым зерттелген. _____________ мәдениетінің ескерткіштері__________ мен__________ өзендерінің аралығындағы аймақтардан табылды.
Кілт сөздер: Жайық, 150, 30, Енисей, Андрон, Түгіскен кесенесі,

ІІІ топ (Федоров)
Андрон мәдени - тарихи бірлестігі екі дербес ___________ және ___________ мәдениеттерінен тұрды.
Шөлейтті дала жағдайында шаруашылықта _________ мен __________ маңызды болды.
Қыш ыдыс жасауда әр түрлі _______ салған.
Кілт сөздер: алакөл, федоров, жылқы, түйе, геометриялық өрнектер

IV. Сәйкестендіру тест (5 минут)

СұрақтарЖауаптар
1Қола дәуірінің хронологиялық шеңберіСиыр, қой, ешкі, жылқы
2Андрондықтардағы егіншілікБ. з. б XVIII - XVІғ
3Қола дәуіріндегі өрістеген ыдыс түріТеселі егіншілік
4Андрондықтар өсірген малЖертөле, жартылай жер бетіндегі үй
5Андрондықтар баспаналарыКөзе құмыралар
6Ерте қола дәуірі хронологиясыБ. з. б 2000 - 1000 ж. а

Дұрыс жауап

СұрақтарЖауаптар
1Қола дәуірінің хронологиялық шеңберіБ. з. б 2000 - 1000 ж. а
2Андрондықтардағы егіншілікТеселі егіншілік
3Қола дәуіріндегі өрістеген ыдыс түріКөзе құмыралар
4Андрондықтар өсірген малСиыр, қой, ешкі, жылқы
5Андрондықтар баспаналарыЖертөле, жартылай жер бетіндегі үй
6Ерте қола дәуірі хронологиясыБ. з. б XVIII - XVғ

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
2. Кетпенді егіншілік
3. Зергерлік өнер

V. «Мағынаны тану» (7мин)
1. Оқулықпен жұмыс 5 минут
Мәтінді оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

Сабақты бекіту:
1 топ (Андрон)
1. «Теселі егіншілік» деп неліктен аталды?
2. Қола кетпеннің пайда болуының маңызы қандай?
3. Мыс пен қола орақтардың табылған аймақтары?
2 топ (Алакөл)
1. Зергерлік өнер туындыларына жататын әшекей бұйымдардың түрлері?
2. Үндістан мен Ирандағы ыдыс жасаушылар мен Қазақстан жеріндегі ыдыс жасаушылар арасындағы айырмашылық неде?
3. Ыдыс жасаудың ерекшелігі қандай?
3 топ (Федоров)
1. Отырықшылық өмір сүрген Андрондықтар қандай жерлерді қоныстанды?
2. Андрондықтардың негізгі азығы не болды?
3. Жартылай көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі не?

V. Қорытынды
Әр топ өз тақырыбына байланысты бір - бір қорытынды сөз айтады.
Бағалау:
Үйге тапсырма§21 Қола дәуіріндегі шаруашылық өміріндегі өзгерістер
7-11-17 | Просмотров: 185 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно