rdo.kz
Авторизация

Мәдениет пен тіл

Пән: Қазақ тіліМектеп: Атырау ХББ НЗМ
Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Текеева Жанша Тажибаевна
Сынып: 5 Т1Қатысқан оқушылар саны:          Қатыспағандар:
Бөлім:                          Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Сабақтың тақырыбы:                                       Мәдениет пен тіл
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша  ақпаратты анықтау.
Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша  өз ойын білдіру.
                    Сабақтың мақсаттары
 
Барлық оқушылар: Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
Кейбір оқушылар: Мәтінде көтерілген мәселеге сұрақтар негізінде жауап береді, өз ойын толық білдіре алады.
 Бағалау критерийлері:
  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
  • Негізгі және қосымшаақпаратты анықтай алады.
  • Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;
  • Көтерілген мәселе бойыншаөз ойын білдіре алады.
Тілдік мақсаттар:Оқушылардың грамматикалық, лексикалық нормаларды оқып білуі:
 Адамдардың бір-бірімен тілдесуі, хабар беруі, ауызекі сөйлеу, ойды жазбаша жеткізу,
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;
Менің ойымша,.... Мен бұны былай түсініп отырмын......          
Мектеп құндылықтар: Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық;  ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;
Пәнаралық байланыс:Әдебиет, өнер, АКТ
Осыған дейін меңгерілген білім Оқушылар 4-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.
                                                                                    Жоспар
Жоспарланатын уақытЖоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттерДереккөздер
Сабақтың басы
 
 
 
   5-8 минут
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
Қызығушылығын ояту мақсатында бұрынғы білгендерін еске түсіру үшін төмендегі ойын арқылы бір сергітіп алу.
«Кім шапшаң?» ойыны ойналады.
Бірнеше мақал сөздердің  алдыңғы бөлігі слайдтан көрінеді.Оқып шығып  соңын жалғастыру керек. Тапсырманы орындағанда оқушының шапшаңдығы бағаланады.
Бала тілі – бал.  Өнер алды – қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Өзге тілдің бәрін біл, өз  тіліңді құметте!
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Ана тілің арың бұл!
Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
Белсенділік, шапшаңдық, білімділік танытқан оқушылар смайлик арқылы бағаланады.
     Оқушылар өздері орындаған тапсырмадан нені аңғарғанын байқап, яғни бүгінгі  сабақтың тақырыбын өздері  ашады.
  • Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлерін таныстырылады.
Тыңдалым алды тапсырма.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынылады. Берілген сұрақтарды жұпта отырып талқылайды. Жауап бергенде бірінің жауабын бірі толықтырып кетеді.
Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы жетелеп отырады.
  • Оқушылар «Мәдениет» сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Жалпы «Сөйлеу» кімдерге тән қасиет?
  • Қалай ойлайсыздар? Ауызекі сөйлеу және жазба тілді бір-бірінен қалай ажыратамыз?
  • Ал қайсысымыз айта аламыз? Осы екеуінің қайсысы бұрын пайда болған деп ойлайсыз?
Жұптаса отырып, пікірлесіп, ойларыңызды дәлелдеп жеткізіп айтыңыздар.
 (Балалар өз ойын жеткізіп айтуда олардың ойлау және сөйлеу мәдениетінің қаншалықты деңгейде екенін аңғаруға болады. Оларға мұғалім жетекші сұрақты қою арқылы ойларын еркін жеткізуге көмектесіп отырады.)
 f   Бағалау.
Өз ойын  айтуда қысылмай еркін әрі әдемі жеткізуге тырысқан оқушыға мұғалім «Керемет!», ал  өзінің пікірін барынша жеткізгендерге «Жарайсың!» деп жазылған қағаздармен марапат жасайды. Оқушылар қол соғып  жігерлендіреді.  
 
МЖ = Мұғалім жасаған
 
 
Слайд.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың ортасы
 
   5 минут
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 2.04 минут
 
 
 
  10 минут
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  3 минут
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 минут
 
  7 минут
Жаңа сабақтың кіріспесі.
Мұғалім түсіндірмесі:
  • Мәтінде не туралы айтылған.Ол үшін мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын біліп алу.
  • Мәтіннің мағыналық бөлігінде негізгі және қосымша ақпарат болады.Еске сақтаған 1,2 ақпаратты жазып ал.
  • Мәтіндегі негізгі ақпарат – мәтіннің негізгі идеясы, негізгі фактілері екенін ескере біл.
  • Мәтіндегі қосымша ақпарат мәтінге қосымша берілген иллюстрациялар, кестелермен қатар, негізгі ойды қолдауға бағытталған цитаталар (дәйектемелер), ойды дәлелдеуге негіздейтін мысалдар жатады. Мұндай ақпараттар мысалы, себебі, көбіне т.б. деген сияқты сөздермен көрсетіледі.
 
                                   Мағынаны тану
«Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы бейнебаян тыңдатылады.
Тыңдалым бойынша тапсырма.
Жұптық жұмыс.
1. Тыңдалым мәтіні  не туралы екен?
2. Мәтіннен өзіңе ұнаған тұсын жұбымен ақылдаса отырып, дәптерлеріне жазады.
3. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды тауып,кестеге толтырады.
           Негізгі ақпарат         Қосымша ақпарат
  
 ЖЖ Әр жұп мәліметтің неліктен қызықтырғанын 1-3 сөйлеммен жазады және тапқан  ақпараттарды ажыратып жазып, тақтаға жапсырады. Қағаз қиындыларын белгілі бір бейнеде орналастыруға болады. Мысалы: жүрек, тіл эмблемасы т.б.
Оқушылар аралап оқып, негізгі ақпаратты қосымшадан ажыратады.
Мұғалім  оқушылардың келтірген дәлелдерін нақтылай отырып, өз ойымен қорытындылап, сабақты бекітеді.
  •                                Бағалау дескрипторлары
        Егер оқушы  тапсырмаларды толық орындаса ....... ....          жетті
    1Мәтін мазмұнын толық түсіне білді. 
    2Мәтіннен негізгі, қосымша ақпараттарды таба алады. 
    3Қызықтырған мәліметті 1-3 сөйлеммен жаза алады. 
    Оқушылардың жауаптары дескриптормен бағаланады.
Оқушылар кері байланыс береді:
  • Бүгінгі сабақта жұптар белсенді әрекеттер жасады.
  • Мәтіннен ақпараттарды нақты таба алды.
  • Өздерін қызықтырған мәліметтерді ерекше тапқан жұптар болды. Оларға ризамыз.
  • Ойларын еркін айтқан оқушыларға смайликтер жапсырылады.
  • Оқушылар жауаптары ұнады, әйтседе ойын әдемі сөзбен жеткізсе деймін.
Сабақ барысында игерілген білім дағдылары «Бес саусақ» әдісімен бағаланады.
Тапсырма.
«Тіл және сөйлеу» тақырыбында бейнематериал мазмұнын оқушылар қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында топтар бір-біріне 3 сұрақ әзірлейді.Сұрақтары жабық сұрақ түрінде болады.
Жауабын 1 сөйлеммен ғана ауызша айтады.
Бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек».
Сабақты қорытындылап, оқушылар бүгінгі сабақтан алған ойларын рефлексия ретінде қағазға жазады.
 
 
 
 
 
Слайд.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тіл және сөйлеу
 
 
 
 
 
Сабақтың соңы
2  минут
 Рефлексия     
7-11-17 | Просмотров: 104 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно