rdo.kz
Авторизация

Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі


Уважаемый гость! Данная работа может содержать устаревшие или неверные данные (устаревшую статистику, утратившие силу закона нормативные акты и.т.д). Просим перед сдачей самостоятельно проверить содержание.
Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.
Өлім үстіндегі жағдайорганизмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериалдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі зат алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім актык жағдайына жатады-бұл өмір мен өлім арасында шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірінің сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):
-мәнгіру;
-есі щатасқан
-артериалдық қысым 60мм с.б. деңгейіне дейін және одан да төмен болып кенеттен төмендейді;
-шеткерлі артериалды тамыр соғудың толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
-тыныс алу жиі, үстірт;
-ентігу (тахипноэ-тыныс алу жиі)
-терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс-бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай.Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алудың тоқталуымен сипатталады.
Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундтан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.
Жанталасужағдайы-тураөлімалдындаболатынорганизмніңбейімделуреакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.
Жанталасу жағдайы-(симптомдар жиынтығы):
-тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды ауаны жұтқандай болады (гаспинг);
-ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген көз қарашығы кеңейген;
-жүректің жиырылуы жиіленеді;
-артериалды қысым 20-40 мм с.б.дейін төмендейді;
-шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артерияларда кенеттен әлсірейді;
-жалпы тонустың құрысуы;
-дене қызуы төмендейді;
-еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру;
Клиникалық өлім-бұл қайтарымды жағдай, ағзаның бірнеше минут бойы (5-6мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышары қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.
Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анаэробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.
Клиникалық өлімнің ұзақтығы-қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас ми жасушаларының қабылеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі де, кенеттен есінен айырылады.
Клиникалық өлімнің белгілері:
-есі болмайды;
-тыныс алу тоқтайды;
-терісі бозарады, сұрланады, көгереді;
-ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;
-көздің қарашығы максималды кеңееді, жарыққы реакциясы болмайды;
-толық арефлексия.
Реанимация- ағзаны тірілту, тіршіліктің маңызды – өмірлік қызметтерін қалпына келтіру, ең алдымен тыныс алу мен қан айналымын- ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету үшін.
  1. Тірілту шаралары кешіктірілмей басталуы қажет.
  2. Аман алып қалудың бастапқы іс-әрекеті, оқиға болған жерге байланысты емес, барлық жерде бірдей жүргізіледі, бұл жерде екі міндетті әдісті орындау маңызды:
- зардап шегушіні көлденең, қатты жерге жатқызыңыз. Жұмсақ жерде орындау жеткілікті әсер бермейді, өйткені жұмсақ жер құтқарушының қимылымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;
- кеуде торын киімнен босатыңыз, белдігін босатыңыз;
3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі
кезеңдерден тұрады:
А ережесі: Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.
Вережесі: Өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы “Ауызданауызға”немесе “ауызданмұрынға” тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі: Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
А ЕРЕЖЕСІ.Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.
Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі-тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады.Ең жиі себеп-науқастың ес-түссіз жағдайында жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тілі түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ-сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабылеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі де дем алғанда қақпақша сияқты бөгет жасайды.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық массасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту қажет:
-зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусағымен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;
- ауызын ашыңыз;
- алмалы-салмалы протездерін алыңыз;
- оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала (орамал, сүлгі, мата) орап алып немесе электросорғышпен мұқият тазартыңыз(жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады).
- Зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беріп, кеуде торы экскурсиясына қарап тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

ІІ. САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін-реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қоып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.
2.Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін- саусақтардың ұштарын иек астына орналастырып көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. І-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, ІІ-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусақтармен төменгі жақ сүйегін бекітіңіз.Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз.Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайында тұрады.
3.Ауызды ашыңыз:зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Бұл әдістердің барлығы ауыз құысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы.
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
  1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусызыдқты қамтамасыз ету қажет.
  2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын естумен қабылдау.
  3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.
Өкпенің жасанды вентиляциясын “ауыздан-ауызға” жасау әдісі.
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне еңгізу.
Қолдану көрсетілімдері:клиникалық өлім (Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).

Іс-әрекет алгоритмі:
-бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
-осы қолдың үлкен І және сұқ ІІ саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;
- екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
-терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басн қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарыруы болады. Кеуде торы көтерілуң қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.

Өкпенің жасанды вентиляциясы
“ауыздан-мұрынға” жасау әдісі

-зардап шегушінің маңдайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз, зардап шегушінің ауызы жабылады;
-терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.
Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша несеме “жедел жәрдем беру ” машинасы келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.

С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау.
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысында қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.
Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.

Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Зардап шегушінің шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
  2. Оның қысып тұрған киімін шешіңіз, жүрек аймағын босатыныз;
  3. Реаниматор зардап шегушінің қырына тұрады.
  4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлы қойыңыз.
  5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырңыз.
  6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек- қолдарыңыз “ұшып бара жатқан құстың қанатындай” қалыпта болады.
  7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
  8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, 5-6см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп қатты басыңыз.
  9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.

Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы керек. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егердереанимацияны 1 адамжүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргңзеді.
Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 15 компрессия жасалады.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:
Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:
  • Ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады;
  • Көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді;
  • Тыныс алуы қалпына келеді;
  • Терісінің түсі жақсарады.
Әрбір 2 минутсайын –ұйқыартериясындатамырсоғудыжәнекөзқарашығыныңреакциясынбақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.
Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қалпына келмейді.Зардап шегушінің орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету; көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.
Егердебарлықәдісдұрысорындалса, бірақ қан айналымның жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеру-цианоз кетпейді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі. Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістері дұрыс орындалмаған, не кешіккен, реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.

Биологиялық өлім-бұл ағзаның тіршілік қызметтерінің қайтарылмайтын тоқтауы.
Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде биологиялық өлім басталады.
-апноэ-тыныс алудың толық тоқталуы
-асистолия-қан айналымның тоқталуы
-ес-түсі жоқ (кома)
-көздің мүйзгек қабығы бұлдырлайды және құрғайды;
-“мысық көз” белгісі;
-дене қызуы төмендейді;
-өлік дақтары пайда болады;
-өлік сіресіп қатады.













































Мәйітті жайғастыру ережелері
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама бланкілерін.

Іс-әрекет алгоритмі
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына өлген күнін, уақытын тіркейді.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында б.т.
4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.
6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың мед.картасына тіркеңіз.
7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.
9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың мед.карта номерын жазыңыз.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді, дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.
14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Ескерту:
- ПАБ –ге өлікті 2 сағаттан кейін апарады;
- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер анықтап, клиникалық диагнозын,
себептерін көрсетіп анықтама береді;
-Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе опрециядан кейінгі дренаждары, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.
29-11-17 | Просмотров: 106 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно