rdo.kz
Авторизация

Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш

+1
-Общее-
Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш
І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Тауық жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Тоқбаев Серік Қайырханұлына береміз.

ІІ жүргізуші:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші: Өзінің құттықтау әндерімен ортаға әншілеріңіз 6 - 7 сынып оқушылары келіп тұр екен, қарсы алыңыздар! (Музыка қосылады. Бірақ әншілер әнді айтпайды.)
Әншілер: О, ағайындар! Біз ән сала алмаймыз. Орталарыңызда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, біз ән айта алмаймыз.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық!
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)
Аяз ата: Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын жапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншілеріміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
Аяз ата: Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші қыздар, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.

ӘН: «Жаңа жыл кешінде» Арай мен Гүлдана
ӘН: «Жаңа жыл» Дана мен Айша
(Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.)

ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға Шағын орталық пен дайындық сыныптарының тәрбиешілерін шақырайық. Қарсы алыңыздар!
(Ендеше ортаға өз костюмдерін қорғайтын оқушылар болса, шығып өнер көрсетсін)
БИ: Шағын орталық оқушылары
Дайындық сыныбы
БИ: 1 – сынып оқушылары
БИ: «АДАЙ» Диас пен Жанарыс
Аяз ата: Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамасанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша, тамаша!!! Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. (Сыйлықтар беріледі.)

І жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды ғой,ендеше Аяз атаға дайындап келген Шағын орталық пен Дайындық сыныптарыныңтақпақтарын тыңдайық.
1 – 4 сыныптар тақпақтар айтады.

ІІ жүргізуші: Бәрекелді!Өнерлерің үстей берсін!
Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой. (Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді. )
Ергежейлілер: (Армат) Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.
Аяз ата: Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!
Ергежейлілер: (Алина ) Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін. (Бәрі жамырай шулап кетеді.)
Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!

І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?
Жастар: Иә! Дайынбыз!
Аяз ата: Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді.
БИ: 7 сынып оқушылары
БИ: ГНОМдар биі
Сұрақтар:
Қыс айларын ата: (желтоқсан, қаңтар,ақпан)
Мақалдың жалғасын тап: Қалауын тапса,... (қар жанар)
Қыста жейтін малдың еті қалай аталады? (соғым)
Егер 4 жұмыртқа 7 минутта қайнаса, 5 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (7 минут)
Ұйытылған сүт қалай аталады? (айран)
Дыбыстың жазбаша шартты таңбасы қайлай аталады? (әріп)
( Би билеп, қызықты сұрақтар қояды. Ойындар ойналады. )Жұмбақтар шешіледі.
ЖАСТАР:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып жетеді. (Аяз Ата)
ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:
Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп (Аяз)
ЖАСТАР:
Суда қалқиды
Жылыда балқиды. (Мұз)
ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:
Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады (Мұз айдыны)
ЖАСТАР:
Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны аққа бояды. (Қар)
ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:
Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым (Шаңғы)
ЖАСТАР:
Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды (Боран)
ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:
Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге (Шана)
(Өнер жарысы аяқталған соң, Аяз ата сөз алады.)
Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.
Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?
Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші: Бәрекелді, Аяз ата!
ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйріктей шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. Ендеше ортамызға ескі жыл мен жаңа жылды қарсылайық.
Ескі жыл есірке,
Жаңа жыл жарылқа( Мешін мен тауық жылдары шығады да ескі жыл мешін жылы өз сөзін айтып,ТАУЫҚ ты қарсы аламыз).
МЕШІН: Уа, халайық!
Мешін жылы құт, береке әкелді. Елімізге ырыс келді.Жаңбыр мол жауып, егін бітік шықты. Халқым маған риза болды. Келе жатқан тауық жылы мол қуаныш пен бақыт әкелсін. Мен өз тілегімді тауыққа да айтқым келеді. «кел, жаңа жыл ортаға» тауық келеді, шыпшаны бір айналады. Тауықжылыда мол бақыт, мықты денсаулық, терең табыстар тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!
ТАУЫҚ: Ой рақмет, мешін, айтқаның келсін. Келдім бүгін алдыңа,
Уа, халайық жарандар!
Тауық жылы құтты боп
Жақсы қадам басыңдар.
Уа, жарандар, жарандар!
Мен де келдім алдыңа,
Мешін жылы секілді.
Зор қуаныш сыйлармын.
Бақытты боп балалар.
Жақсылыққа батыңдар
Аяз ата: Ал, қарақтарым!Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге ән айтып Аяз атаны шығарып салайық.
ХОР: «Жаңа жылдық ән»
ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз
(Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.)
І жүргізуші: Құрметті достар!
Тышқан жылы – сыйлық,
Барыс жылы- байлық,
Қоян жылы – қолбасы,
Ұлу жылы – үлгілі,
Жылан жылы – жайлы,
Жылқы жылы – жақсылық,
Қой жылы – құтты,
Мешін жылы – мейірім,
Тауық жылы – табысты,
Ит жылы – игілік,
Доңыз жылы – дүниелі,деп биылғы келген жыл «тауық жылы» - табыстыда, мерекелі, берекелі жыл болғай.

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп жүре берейік! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
14-12-17 | Просмотров: 106 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно