rdo.kz
Авторизация

Қош келдің, Жаңа жыл!

+1
-Общее-
«Қош келдің, Жаңа жыл! » атты кеш.
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, жалмауыз кемпір, клоун, бастауыш сынып оқушылары, жаңа мешін жылы, ескі қой жылы.
Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.
1 Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал.
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шарша жанында қонақтарды қарсы алындар.
2 жүргізуші:
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі-екіден залға кіреді)
1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1 Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде сүйікті ертегілеріміздердің кейіпкерлері, джунглидің барлық аңдары да жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мереке?
- Жаңа жыл!!
2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.
Хоровод Шырша әні
2 Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем не?
– Шырша!
1Жүргізуші:
Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып берер екен?
1 сынып оқушысы:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса!
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
2сынып оқушысы
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
2 Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!Бұл ойын Алдау ойыны Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.
Мен мұрынды ұстадым!1,2,3 өзі құлағын ұстайды
-Мен басымды ұстадым 1,2,3 иығын ұстайды
Мен құлақты ұстадым1,2,3 бетін ұстайды
Мен құлақты жасырдым1,2,3 өзі қол соғады
Клоун: Балалар, алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.
Оқушылар өлең, тақпақтар айтады.
1Жүргізуші:
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған қой жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім. Қарсы алыңдар мешін жылын.
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне «Қызғалдақ» тобының орындауында би. Қарсы алыңыздар. 
(Би биленеді) 
1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
6сынып оқушысы Шаймерденова Мадинаның орындауында Жаңа жыл әні. Қарсы алыңыздар.
(Ән айтылады)
2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
(Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?)
Балалар: Аязата, Ақшақар.
1 Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
2 Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып
алады дегенді білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!
1 Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым .... Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?
Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!
2 Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?
Балалар қолдарын көтеріп:
- сауат ашу үшін
- жазу
- сызу
- санау
- кітап оқуды үйрену үшін
- сурет салу үшін
1 Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)
Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?
Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)
2 Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)
Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)
2 Жүргізуші: Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: Иә!
Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
1 Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)

1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр
2 жүргізуші Кел,Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығына бөлегейсің бізді дей отырып Аяз атамен бірге «Аппақ-аппақ жапалақтап » әнін хороводпен салайық

Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүн балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
1 жүргізуші Аяз Ата шаршап келіпті,сәл тынығып алсын.Аяз ата балалардың өнерін тамашалаңыз! «Қарлығаш» тобының қыздарының орындауында Үнді биі
2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен қой жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Мешін жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)
Қой : Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
Мешін жылы: 
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар
1 жүргізуші Кәне достар!Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алуға Камиланы «Қош келдің Жаңа жыл»әнімен қарсы алайық
2 жүргізуші Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің балалар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама? Солардың өнерін тамашаласақ
Аяз ата: Ақшақар,сыйлықтар қайда,кәне берші.Мен мына балалардың жарқын жүздеріне,тамаша өнеріне тамсанып отырмын.
Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)
Шырша жарқырайды.
Ақшақар: Балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал, сендер
Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге ....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі ......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын- күлкі таралсын
Құтты болсын .....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.
Рысжан: Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Бегайым: Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Айнұр: Мұз өрнектің бәрі асыл,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл
Күйіне мен таңқалам.
Аружан: Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аязата келіп тұр.
Амирхан: Аязата ешкімді алаламас,
Шырша түбі сыйлықтан құры қалмас.
Қояндарға береді ойыншықтар
Аслан: Жай емес ол ойыншық – жұмсақ қасқыр
Қорқақ емес ендігі қояндар да
Ойнайды олар, қолында бір – бір қасқыр.
Ақшақар ойын ойнатады. Шырша ойыны Биік-аласа Үлкен-кіші
1Жүргізуші: Біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай тамашалай берейік.
Оқушылардың Ән, би өнерлері көрсетіледі
2жүргізуші: Диананың орындауында « Бақытты әйел» әнін қабыл алыңыздар
Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді .Өнерлі балалар көп екен
1жүргізуші: Аяз ата,ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне « Қызғалдақ» тобы қыздарының жаңа жылдық әзіл әнін тыңдаңыздар!
Аяз ата: Ой,қандай өнерлі балалар,рахмет балапандарым!
Аяз ата кәмпиттерін таратады.
(Сырттан үш санта клаус кіріп келеді)
Санта Клаус 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!
Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.
Санта Клаус 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік.
Санта Клаус 3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда, біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.
Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер.
Санта Клаус 1: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік.Бәрі жамырай шулап биге кіріседі
2 Жүргізуші:
Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Оларға несін ренжисіз. Оданда бұларда да өнер бар екен, біздің оқушылар сіздің көмекшілеріңіздің өнерлерін тамашалағысы келеді, біздер үшін ең жақсы сыйлық. Қане оқушылар сендер Аяз атамыздың көмекшілерінің өнерін тамашалағыларың келе ме?
Оқушылар : Иә
Аяз ата: Жақсы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар.
(Санта Клаустар өнер көрсетеді)
Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.
1 Жүргізуші: Рахмет сендерге. Сендердің де өнерлеріңді тамашаладық. Енді алыстан ат терлетіп келіпсіңдер, біздің оқушылардың да өнерін көріңдер
2 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Қыран тобы 1сынып оқушыларының орындауында «Солдат болам мен ертең» әнін кабыл алыңыздар
Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!Тағы кімнің өнері бар.
1 жүргізуші Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз дей отырып Қарлығаш тобы кыздарының Габриэль биін тамашалаңыздар.
Аяз ата: Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
1 Жүргізуші: Келеді жылдар,келеді айлар ауысып,
Қой жылы мен мешін жылы да ауысып.
Береке,бірлік бейбітшілік төрінде
Тұрайық әркез татулықпен қауышып
2 Жүргізуші: Бітуге қалды таяп-ай,
Не қыласың аяп-ай.
Кәне халқым қол соқшы,
Жаңа жылда аямай !
1 Жүргізуші: Қой жылы-той жылы
Мешін жылы-вечер жылы,
Жаңа жыл-жаңа нұр жаудырып,
Мешін жылы-сауық жылы болсын ағайын!
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар!бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық,бірлік бәрінде де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын,аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
2 Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,мешіндей көңілді болайық.Жылы жүздеріңізден нұр кетпесін
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!
Жаңа жыл құтты болсын !
14-12-17 | Просмотров: 104 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно