rdo.kz
Авторизация

Тәуелсіздік жасасын!

0
-Общее-
Тақырыбы: Тәуелсіздік жасасын!
Мақсаты: Жас ұрпақ бойына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Балаларды Отан, рәміздер, Елбасы, тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту.
Құрметті тәрбиешілер, кішкентай бүлдіршіндер! Тәуелсіздіктің 26 жылдығына дайындаған №8 «Қызғалдақ» балабақшасының «Ботақан» тобының «Тәуелсіздік жасасын» атты мерекелік іс – шарасын тамашалауға шақырамыз.
Тәрбиеші: Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
26 жыл Тәуелсіздік таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,
Құтты болсын еркіндігі, ата - баба арманы,

Тәрбиеші: Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі. Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт - санасын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал біздің ортамызда рәміздер туралы білгенін айтып беретін балалар бар ма?
Балалар: Әнұран, Ту, Елтаңба.
Гүлжауһар: Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала біледі.

Айжұлдыз: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қазақстан туы. Тудың авторы – белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Біздің туымыз көгілдір түсті, тіктөртбұрышты. Көгілдір түс тыныштықты білдіреді.
Аякөз: Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов. Елтаңбада шаңырақ бейнесі бар. Шаңырақ пен уық көптеген халық бірлігін көрсетеді. «Қазақстан» жазуы республикамыздың атын көрсетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу бәріміздің парызымыз болып табылады.

Бейбарыс: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем.

Зере: 16 - желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.

Шахкәрім: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік – ұлы той.

Әли: Бақытты боп жүргенім –
Сенің арқаң, Қазақстан!
Елім – менің тірегім,
Құшағында гүл атам.

Жансая: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан.

Назгүл: Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнін сүйем...
Отан, Отан, бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Әсемай: Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным – Қазақстаным.
Медина: Ұлы достық,
Нұрлы достық,
Күн достық.
Достық деген қасиетті ұранға,
Кең даланың жүрегіне үн қосты.
Би: Қамажай
Аягөз: Ата - бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап, бақ - береке орнаған.
Қазақстан, азат елсің сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
Нұрислам: Отан – менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Отан – туған ауылым.
Олжас: Отан – асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз.
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Хор: Отаным Қазақстаным.
А. Зере: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әдемі.
Нұрислам: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.
Елдос: Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам!
Хор: Елтаңбасы елімнің
Гүлжауһар: Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп ақын ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.
Тоғжан: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз – өзінен жүрегім ән салады.
Тәрбиеші: Отан әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен бірге тұратын ата мекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті киелі ұғым – Отан.
Отан туралы мақал - мәтел жарысы.
Мұхаммеджан: Туған жер – алтын бесік.
Інжу: Отан оттанда ыстық.
Нұрсұлтан: Өз елім – өлең төсегім.
Бейбарыс: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Медина: Туған жерге туың тік.

Әміржан: Гүл жайнаған Астана -
Қазақстан жүрегі.
Бірін – бірі сыйлаған
Туысқандар отаны.

Тәрбиеші: Тарихы бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Айжұлдыз: Жас Астана, жас қалам,
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол ойшылдың,
Ей, бас қалам, Астанам.
Іңкәр: Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді – өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде.
Гүлсезім: Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Әсет: Әсем қалам – Астанам,
Әлемдегі жас қалам.
Әр күн сайын өзгеріп,
Бой көтерді бас қалам.
Елдос: Қ - Қазағымыз аман болсын.
Әмір: А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем.
Әсет: З - Заманымыз тыныш болсын.
Әли: А - Аман болайық:
Айжұлдыз: Қ - Қыран құстай биік самғайық.
Аягөз: С - Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын.
А. Зере: Т - Табиғатты аялайық.
Назгүл: А - Аспанымыз ашық болсын.
Елдос: Н - нанымыз көп болсын.
Би: «Жентелмендер» биі.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Тәрбиеші: Қазақ елім, туды жастық дәуренің,
Алғандайсың Жұлдыздардың жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын. Осымен бүгінгі дайындаған шағын тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, сау - саламатта болыңыздар!

№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Елеусінова Света Қалиқызы
14-12-17 | Просмотров: 20 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно