rdo.kz
Авторизация

Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер

0
8 класс Математика
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер
(8-сынып)
І.Сабақтың мақсаты:
1. Мақсаты: Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу
алгоритмімен таныстыру,квадрат теңдеуге келтірілетін есептерді
шығаруды үйрету.
ІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
ІІІ.Сабақтың әдісі: Саралап оқыту,сұрақ-жауап,
топпен жұмыс әдістері.
ІY.Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта арқылы формулалар,
тест тапсырмаларын, есептер көрсету.
Y. Пәнаралық байланыс: Экономика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу,бүгінгі сабаққа назар аударту.
Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау
(оқушыларды 3 топқа бөліп орналастыру).
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Слаид 1.
Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту және белсенділігін арттыру
(3 топ оқушылары жарыса отырып орындайды ).
І-топІІ- топІІІ -топ
Квадрат теңдеудің дискриминантын есептеп,түбірлерінің санын
көрсет:
х-тің қандай мәндерінде
 үшмүшесі
1-ге тең мән қабылдайды?
Теңдеуді шешіп,Виет тео-
ремасына кері теорема
бойынша тексер:
Жаңа сабақ өту.(Мұғалімнің түсіндірмесі).
Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінде есепті шығару үшін
мына алгоритмді басшылыққа алған жөн:
1.есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін
есептің шартын білу қажет;
2.бастапқы шаманы әріппен белгілеу;
3.теңдеу құру;
4.құрылған теңдеудің түбірлерін табу;
5.табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағатттандыратынын тексеру.
Слаид 2.
Берліген алгортимді қолданып,есептер шығаруға мысал келтіру.
Мысал. Егер тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі екіншісінен 4 см қысқа екені және гипотенузасы 20 см-ге тең екені белгілі болса,осы үшбұрыштың катеттерін тап.
Кіші катет х см-ге тең болады.Пифогор теоремасы бойынша гипотенузасының квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болады,яғни
.
Шыққан теңдеуді ықшамдайық:

Бұдан мынаны табамыз: , 
Есептің мағынасы бойынша х-тің мәні оң сан болуы тиіс.Бұл шартты тек екінші түбір, яғни 12 саны қанағаттандырады.
Жауабы:12 см,16 см.
Слаид 3.
Сыныпта орындалатын жаттығулар.Оқулықтағы жаттығуларды 3 топқа беру.
Оқушылар жұмыстарын алмастыра отырып,өздері бағалайды.Дұрыс жауабын тақтамен өздері тексереді.
І -топІІ- топІІІ -топ
Оқулықтан.№ 201 есеп.
Бірінші сан екінші саннан
10-ға артық және олардың көбейтіндісі 56-ға тең.
Осы сандарды тап.
Оқулықтан № 202 есеп.
Бірінші сан екінші саннан 16-ға кем және олардың
көбейтіндісі 80-ге тең.
Осы сандарды тап.
Оқулықтан №203 есеп. Біреуі екіншісінен 6-ауы
артық екі натурал санның
көбейтіндісі 187-ге тең.
Осы сандарды тап.
Слаид 4.Жаңа білімнің берілуін тексеру.Карточкамен берілетін тапсырмалар.
(Жауаптары жасырын түрде жазылады,оқушылар жұмысты орындап болған соң ашылады)
І- топІІ- топІІІ- топ
1-карточка.Тікбұрышты үшбұрыштың
бір катеті см,ал екінші катеті гипотенузадан 2 см кем. Тікбұрышты үшбұрыштытың екінші катеті мен гипотенузасын тап.
2-карточка.
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы см,ал катеттерінің айырмасы
3-ке тең.Осы үшбұрыштың
катеттерін және периметрін анықта.
3-карточка.
Тікұрышты үшбұрыштың
бір катеті  см және
периметрі см болса, онда екінші катеті
мен гипотенузасын тап.
Слаид 5. Жаңа сабақты бекіту.
Экономикалық мазмұнды есептер кітабынан.
Екі бригада бірігіп,тас жолды 18 күнде жөндейді. Егер алдымен жұмыстың -сін
бірінші бригада жеке, ал қалған бөлігін екінші бригада жеке орындаса,онда тас
жолды жөндеуге 40 күн кетеді.
Тас жолды жөндеу үшін әрбір бригадаға қанша күн қажет?
Слаид 6. Сабақты қорытындылау.Тест тапсырмалары.
Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын есептер.
1.Екі санның қосындысының мәні 15, ал көбейтіндісінің мәні 54.
Осы сандарды тап.
А.-6;-9; В.3;18; С.-3;-18; Д.6;9.
2.Тізбектей алынған екі натурал санның квадраттарының қосындысы 1513-ке тең.
Осы екі санның қосындысын тап.
А.55; В.53; С.-55; Д.54.
3.Бөлшектің алымы бөлімінен 1-ге кем.Егер осы бөлшекке оған кері бөлшекті
қосса ,онда  саны шығады. Бастапқы бөлшекті тап.
А.; В.; С.; Д..
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма №205,№209.
19-12-17 | Просмотров: 152 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно