rdo.kz
Авторизация

Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән

«Маған айт - мен естимін, маған көрсет - мен есімде сақтаймын, маған істеуге бер - мен түсінемін»
(Жапон мақалы)
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән»
Мақсаты: Еңбекке баулу пәнінен алған білімдерін жүйелеу, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін қалыптастыру, ұлтымыздың ертеден келе жатқан салт - дәстүрімен таныстыру қазақ халқының өнерін дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
«Білім – асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт – еңбек». Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Олай болса «Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән» тақырыбында өткелі отырған сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер.
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан, білмеске арзан,
Надандар баһара таба алмас»- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, іскер, он саусағынан өнер таматын шәкірттерді тәрбиелеу – біздің міндетіміз бола бермек. Ендеше, сіздердің алдарыңызға бастауыш сынып оқушыларынан құралған өнерлі де шебер, епті де ісмер топтарды ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық!

1 - топ: «Шеберлер»
Құрамы: Арсен Калиев - 4а
Диляра Нуржанова - 4в
Адина Тынышқалиева - 4а
Наргиза Елекеева - 2 «в»,
Жетпіс Райд - 2ә
Топ ұраны: Шебер біздің атамыз,
Шебер біздің әжеміз
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.

2 - топ: «Ісмерлер»
Құрамы: Жәңгір Мархаба - 2 «в»,
Муханбеткалиев Амирлан - 2 «в»,
Хамидуллин Темірлан - 4 «»,
Анель ДЖамалиева - 4в
Тамерлан Исатай - 4в
Топ ұраны: Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар еңбек те,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке»

3 - топ: «Ептілер»
Құрамы: Махамбет Алихан - 2 «в»,
Абдрахманова Ясмин - 2 «в»,
Хайдар Меруерт - 2ә
Сағынгерей Жания - 4в
Меңдібекова Шалқыма - 4в
Топ ұраны: «Ептілік болса адамда,
қиын іс жоқ ғаламда»

4 - топ: «Өнерлілер»
Құрамы: Ақтай Раяна - 2ә
Зухрахан Жуманиязова - 4а
Рамазанов Арман - 4а
Серік Серхан2ә,
Жасұлан Эльнара2ә
Топ ұраны: «Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы баламыз.

Жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазы алқаларын

Әділқазы мүшелері:
1. Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы - №44 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып ісі жөніндегі д. о.
2. Сапарғалиева Сара Шаймұратқызы -№34 мектеп - гимназиясының баст. сынып ісі жөніндегі д. о.
3.

Ән «Айгөлек»
I - сайыс «Атымда менің сырым бар» (топтардың өзін - өзі таныстыруы)
II - сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (бейне сұрақ)
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысына береміз. Ендеше, экранға назар аударайық.

Сұрақтар:
1. Композиция дегеніміз не?
Қағаз бетінде суреттің барлық бөліктерін ойлаған тақырыпқа сай, әсерлі етіп орналастыру
2. Аппликация деген не?
Жапсырма деген ұғымды білдіреді. Әр түрлі пішіндерді қағаз не мата бетіне желімдеп жапсыру арқылы бір заттың бейнесін жасау.
3. Конструктор деген не?
Екі түрлі ұғымы бар: - құрастыруға арналған бөлшектер жиынтығы;
- қандай да бір құрылымның конструкциясын жасайтын маман.
4. Мозайка туралы не білесің?
Шыны, ұсақ ас, мата, қағаз, ермексаз, керамика, пластмасса қалдықтарынан құрастырылған картина, бейнелі сурет.
5. Оймақ туралы не білесің?
Іс тіккенде инені материалға кіргізу үшін және инені қолға шаншып алмау үшін саусаққа киілетін қатты қалпақша. Оймақты көбіне әжелер қолданады.
6. «Оригами» деген не?
Қағаздан жасалған пішіндерді құрастырудың жапондық өнері.
7. Табиғи материалдар қандай болады? Ағаштан және өсімдіктен алынатын материалдар қандай болып келеді?
Табиғи материалдар өте көп. Олар: жапырақтар, дәндер, өсімдік сабақтары, ағаштың бұтағы, тамыры, безі, қабығы және тағы басқалар. Ағаштан жасалған материалдар қатты, өсімдіктен жасалған материалдар жұмсақ болып келеді.
8. Мақтадан не алынады? Мақта Қазақстанның қай облысында өсіріледі?
Мақтадан мата алынады. Мақта Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.

Жұмбақтар
1 Қимылдаса қос шебер,
Қыруар - қыруар іс өнер (қол)

2. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап - жалаңаш өзі безді. (Ине)

3. Екі тышқан бірлесіп,
Қиып, пішіп береді.
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі (Қайшы)

4. Бір шұңқыр,
Бір шұңқыра мың шұңқыр (Оймақ)

III - сайыс. Мақалды жалғастыр
Жүргізуші: Мақал - мәтел - сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі - өз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде,
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

1. Өнерлінің он саусағы тең, (Өнерсіздің бір саусағы кем).
2. Өнер іздеген өсер..... (Өсек іздеген өшер)
3. Ата көрген оқ жонар, (Шеше көрген тон пішер)
4. Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөзі алтын)
5. Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті)
6. Еңбек - өнер өрісі, (Өнер - өмір жемісі)
7. Өнерлі болу - зейнет, (Өнерсіз болу - бейнет)
8. Еңбектің көзін тапқан... (Байлықтың өзін табады)

IV - сайыс.
«Кіс ісмер, кім шебер?» (Шарды жарып, ішіндегі тапсырмаларды орындайды)
1 - тапсырма: Түйме қадау
2 - тапсырма: «Қағаздан сюжетті аппликация құрастыру»
3 - тапсырма: «Оригами» жасау
4 - тапсырма: Бутерброд жасау

Жүргізуші: Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Яғни, өнер біздің айналамыздан табылады, олай болса өнер туындысын жасауға талпынайық
V - сайыс. «Өнерлі қол - бақытқа жол»
Шебер - класс (Әр топ 8 - наурызға арнап сыйлық дайындау)
1 - топ: Раушан гүлін
2 - топ: Көктемгі бәйшешек
3 - топ: Әдемі моншақ
4 - топ: Әдемі моншақ
« Релаксация» отырған қонақтармен ұйымдастыру.

Жүргізуші: Әр адам өз қолымен жасаған дүниесін, шын ықыласымен, бар ынтасымен, шынайы сезіммен жасайды. Ал сезіммен, шын ықыласпен жасаған зат адамға – әсемдік, қуаныш, шаттық, бақыт, сұлулық сыйлайды екен. Ендеше, әр топ өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстырып өтсін. (Топ басшылары жасаған бұйымдарын қысқаша таныстырады)

Қорытынды:
Жүргізуші: Қазақ халқының біртуар ұлы, Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының Батыры Б. Момышұлы атамыздың «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ» деген ұлағатты сөзі адам өмірінде еңбексіз ешнәрсеге қол жеткізе алмайтынын анық көрсетіп тұрғандай. Ендеше, Еңбек бізді неге жеткізді? Оқушылар пікіріне қысқаша құлақ түрейік.
1 - топ: Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты - еңбек.
2 - топ: Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты - еңбек
3 - топ: Тауға шықсаң өрлеп
Мұның аты - еңбек
4 - топ: Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең – еңбек
Бәрі: Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек

Ән: «Болайықшы осындай»

Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар. Құрметті әділқазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалаңыздар.

Сайысқа түскенімен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан орын алар.
Ендеше, бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы мен бағы жанған бағасы бар.
Олай болса ортаға шақырайық,
Есімін баршаңызға танытайық.
Он саусағы майысқан шеберлерге,
Алғыс айтып, қошемет танытайық

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.

Тақырыптар:
«Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән»
«Өнерлі қол - бақытқа жол»
«Кім ісмер, кім шебер?»
«Өнер іздеген өсер»

- Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс - шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И. Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт).

Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айырлады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
- Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. №8, 9 слайдтар. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар.

Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат - біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана сіз еш қиындықсыз гүлдің түр - түрін жасай алатын боласыз.

5. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).

1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.

Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

Үтікпен жұмыс кезінде қандай ТҚ ережелерін сақтауымыз керек? (оқушылардың жауабы)
1. Жұмыс басында электрлі құралдың бүтіндігін тексеру.
2. Үтікті құрғақ қолмен, вилкасынан ұстап сөндіру керек.
3. Үтіктің тоқ бауы үтіктің табанына түсіп қалмауын қадағалау, үтікті қатты қыздырмау.

6. Өткен материалдарды қайталау.
Гүл жасауға, негізінен тігуден қалған маталардың қалдықтарын пайдаланады. Сонымен қатар киілмейтін киімдердің құрақтарын да қолданады. Оларды алдымен сөгіп алып, содан кейін жуып, үтіктейді. Ашық түсті гүлдер жасау үшін жаңа мата пайдаланған дұрыс, ендеше гүлдер сарғайып, өңі кеткен сияқты болып көрінеді.
Бүгінгі сабақта сендер матадан раушан гүлін жасап көресіңдер. Раушан гүлі ең әдемі, ең жұпар иісті гүл. Сондықтан оны «гүлдердің патшайымы» деп атайды.
19-12-17 | Просмотров: 76 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно