rdo.kz
Авторизация

Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз

Сабақтың тақырыбы«Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт-дәстүріміз» 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтіқ  тақта, презентация, флипчарт,  кітап көрмесі, буклеттер.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап,пікір алмасу, білім алушылардың шығармашылық жұмысы ,т. б
 Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс әдебиет,қазақ тілі,тарих,өнер.                                 
 
       Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз қазір сіздермен салт-дәстүріміз туралы әңгіме қозғаймыз. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Бүгін біз осы халқымыздың аса қадірлі салт-дәстүрлеріне, тарихына, бізге қалдырған мұраларына арналады. Ата-бабамыздың қастерлеп келген, біз білмейтін әлде де көп тарихи маңыздылығы зор мұралары көп, бізге айтатын өсиеттері, бізге қалдырған тарихи байлықтары көп.

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сергіту,топқа бөлу     
 «Салт-дәстүрін білген - елін сүйген азамат» (Әр топ өздеріне берілген дәстүрді түсіндіріп беруі керек, дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі).
       
 «Мәдениет» тобының сұрақтары:
       1. Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі, қуанышты сәттерге берілетін сый
       2Тәбәрік - біреу ойын тойда жүлде алса  немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса, одан жанындағыларға үлес беруі.
       3Кәде - айтта, ойын тойда мейрамдарда берілетін сый. Той кәделері тойбастар, айттық, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт.
       4. Жеті ата - Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
       5. Қазан шегелеу - әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бірінің үйіне бас қосып барып «осы үйдің қазанын шегелей келдік», - дейді. Үй иесі қонақ жайлылық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.
       6. Қорықтық құю - әлденеден қорыққан, шошынған адамға қорықтық құйып ем жасайды
       7Ұшықтау - тамақтан, иістен ұшынған адамды ұшықтау


«Тұлпар» тобының сұрақтары:
       
1. Тұсаукесер тойы - сәби жүре бастаған кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады. Арнайы жіп дайындап, жылдам жүретін адамға қидырады.
       2. Тілашар тойы - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде, тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын жасайды.
       3. Атқа мінгізу тойы - баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
       4Сүндет тойы - ер балаларды 5-7 не 9 жасында сүндетке отырғызады.
       5. Тоқымқағар - бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
       6. Қымызмұрындық - жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-томалақтар да өткізіледі.
       7. Мизам (Сабан той) - күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізілді.
        «Алтын орда» тобының сұрақтары:
       1. Соғым басы - қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.
       2. Жаңбыр шақыру - құрғақшылық болса өткізіледі. Бұл шарада құрбандыққа мал шалынып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар алла Тағаладан «жауын жау, жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынған малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.
       3. Қыз ұзату тойы - ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі, жар-жар  айтылады. Қыз аттанарда «Сыңсу» айтады.
    4. Қыз айттыру - жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
       5. Шілдехана - сәби дүниеге келгенде оған қуанудың бір белгісі. Сүйінші сұраушылар ұл туса «ат ұстар», ал қыз туса «көйлек тігер» деп хабарлайды.
       6. Құда түсу тойы - жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
       7. Ұрын той - күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар кәделері алынады.


«Қызығушылығын ояту»
-Мәдениет дегеніміз не?
-Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
-Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
-Мәдениет неше түрге бөлінеді?
-Материалдық мәдениет- (жиһаздары, қолөнер бұйымдары т.б.)
-Рухани мәдениет-
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, даналық сөздер)
«Мағынаны тану»
 Құрметті білім алушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.
Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер
І.  - зал Қазақ халқының баспанасы бөліміне қош келдіңіздер?
 Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.
1. Тапсырма: Білім алушылар өздері білетіндерін айтады.
1.Киіз үйдің негізгі қаңқасын  не деп атайды?
Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды.
2. Киіз үйдің  құрылысы неше бөліктен тұрады?  Кереге, уық, шаңырақ және есік .
3.Киіз үйді қалай құрады?
4.Кіз үйдің қандай түрлері болады?
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,
Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау – жас жұбайлар үйі.
Неміс ғалымы Ф.Фон Шварц былай деп жазды «Қырғыз –қайсақтардың қысы-жазыбірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады.Киіз үй адамның қашаннан бері ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дау жоқ».


ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне қош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз.

Жаңа сөздермен жұмыс:
Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі
 Сәукеле –қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі
Қамқа тон   – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.
Саптама- іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі
Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі.
Шекпен- түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді

ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне қош келдіңіздер!
- Қолөнер бұйымдарына нелер жатады?
- Жүн,тері, ағаш, темірден қандай қолөнер заттары жасалады?
 - Қолөнер бұйымдарымен, ұлттық тағамдармен танысамыз



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
1.«Кім тапқыр?»
  • Киіз үйдің бөліктерінің атауын ата
  • Киіз үйдің шеңбер қабырғалары
  • Киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез
  • Кереге шеңберін тұйықтап, кіріп-шығу қызметін атқарады
  • Үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз
  • Кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш.
  • ел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі
  • ыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі
  • Бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.
  • Саптама-
  • Жақы –
  •  Шекпен-
  • Қолға тағылатын зергерлік бұйым.
  • Жебе атуға арналған қол қаруы.
  • Әйелдер көйлек сыртынан киетін киім.
  • Қымыз,шұбат ашыту үшінпайдаланылатын,мал терісінен тігілген ыдыс.
  • Шаңырақ пен керегені байланыстыратынкиіз үй бөлшегі.
   «Орнын тап». Берілген киім-кешектің түріне қарай орналастыр
 Тақия, шапан, кебіз, сәукеле, мәсі, шекпен, күпі, тон, бөрік, етік.
Бас киім:                                 Сырт киім:                      Аяқ киім:
Жүннен жасалатын қолөнер бұйымдарТеріден жасалатын қолөнер бұйымдарАғаш пен темірден жасалатын қолөнер бұйымдар
   
 
Білім алушының шығармашылық жұмысы:
«Мәдениетім-мақтанышым!»  (шешендік өнерлерін көрсету)
1. Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін сақтап, насихаттауда не істер едіңдер?
2.Бүгінгі  «Қазақстан-2050» стратегиясындағы бағытымыз айқындалған дамыған 30 елдің қатарына ену. Ол үшін біздер яғни жастар, өз салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып дүние жүзіне жарнамалауымыз керек.Сол арқылы біз келешекте өз бірлік,ынтымақ,ортақ мүдде арқылы мәңгілік ел болып,тарих сахынасынан орын алмақпыз.

3. Ұлттық дәстүрлерімізді салт-санамызды,ұлттық ойындарымызды төл меншігіміз ретінде-заңдастыруымыз керек.
4. Астанада өтетін ЭКСПО-2017ге көрмеге ұлттық негізде жасалған құрылыс ,мәдени орындар (демалыс орны),киім үлгілері,тағам түрлерін ұсыну.
5.Өз бремдымен (ұлттық  нақ) ыдыс-аяқ,тұрмысқа қажетті, төсеніш кілем,сырмақ,түскиіз,ағаш төсектер,қазақ бесігі, киімі,қой,ешкі,түйе жүнінен тоқылған бұйымдар шығарса,шағын орта бизнесті дамытуға жол ашылар еді.
6.Ұлттық салт-дәстүріміз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз,жоралғыларымыз,бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Қорытынды:  
“Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген - өскендіктің белігісі”

ҮІ. Үйге тапсырма:  «Үй жиһаздары»,  «Қолөнер бұйымдары» слайд жасау.



Пайдаланған әдебиет: Қазақстан тарихы. /  М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев,т.б.  Қазақстан тарихы. Х.К.Ермуханова «Шың кітап».
22-12-17 | Просмотров: 104 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно