rdo.kz
Авторизация

Тәуелсіз елім – тірегім

0
2 класс

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Сынып сағатыМектеп: «Береке орта мектебі» КММ
Күні: 11.12.2017Мұғалімнің аты-жөні : Ж.Е.Әлжанова
Сынып: 2 «Б»Қатысқандар саны:19Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбыТәуелсіз елім – тірегім
Сабақтың оқыту мақсаттары
  1. Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
  2. «Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;
  3. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
Күтілетін нәтижеОқушылардың бәрі: сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, өлеңді мәнеріне келтіріп оқиды.
Кейбір оқушылар: Тәуелсіздік туралы және батыр ағаларымыз бен апаларымыздың өмірінен қосмыша мәліметтер келтіреді.
Өткен сабақтардан алған білімМенің тұңғыш Президентім
Жоспар
УақытЖоспарланған жұмыс түрлеріРесурстар
Сабақтың басы
5 минут
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Ой сергек: «Сәлемдесу»
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бас иеміз біз.
Топқа бөлу.
«Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» деп 3 топқа бөлемін




Стикерлер

Сабақтың ортасы
30 минут









Мағынаны ажырату
Ой қозғау
Өз топтары жайлы қорғайды.
Тақырыпты болжау
Тақтаға адасқан сөздер ілінеді. Оушылар сол сөздерді дұрыс орналастырып, тақырыпты табады. (Тәуелсіз елім – тірегім)
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Масатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.
Сөздік жұмысы
«Әріптерді сөйлету» оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
«Тәуелсіздік» сөзінің әріптерінің мағынасына тоқталайық.
Т-білдіреді теңдікті
Ә-әдептілік әлдікті
У-уайымсыз уақытты
Е-егемендік елдікті
Л-дейді лағып лепірме
С-сенімділік секілді ең
І-ілтипат қой
З-зиялылық тілек қой
Д-шақырады достыққа
І-ізет қой
К-дейді күн боп көктегі
Міне, «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын ашып алдық.









.
Сайыстың шарттары:
  1. Мақал-мәтел айту
  2. Бәйге
  3. Тіл-өнер
  4. Жеті жұмбақ
Жетістік китерийі: мақал-мәтелді айта алу, сұраққа жауап беру, үш тілде сөйлей алу,7 пәннен сұраққа жауап беру.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау.



Ойтолғаныс
Жеке жұмыс.
Мен Тәуелсіздік ұғымын қалай түсіндім? ....... Эссе жаз.
Бағалау: Қол соғу арқылы бағалайды.



















Сабақтың соңы
5 минут

Үй тапсырмасы: Елбасына арнап өлең шығару
Кері байланыс . Ауызша. Сабақтың жетістік критерийін еске түсіріп, бүгінгі сабақтың мақсатына жеткен, жетпегендері туралы айтады. (барлық сабақтарда осылай қайталанып отырады)
Рефлексиялық шеңбер.
Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:
  • Сабақ барысындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?
  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?
  • Сабақ аяғындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?


Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіз елім — тірегім» атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз.
Сайыстың шарттары:
  1. Мақал-мәтел айту
  2. Бәйге
  3. Тіл-өнер
  4. Жеті жұмбақ

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, — деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар)

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)
  1. Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?
  2. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
  3. 16-желтоқсан қандай күн?
  4. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
  5. Тудың авторын атаңыз.
  6. Елтаңбаның авторы кім?
  7. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
  8. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
  9. Ұлттық валютаны айтыңыз
  10. Биыл Ата заңға неше жыл?
  11. Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз
  12. «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?
  13. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
  14. «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?
  15. Республика күнін айтыңыз
  16. Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?

ІІІ бөлім. Тіл-өнер.
  1. Ер елінде … жерінде (гүл – цветок — flower)
  2. Ер туған жерінде, …. тоңған жерінде. (ит-собака — dog)
  3. Туған жердің …. да болысады. (тас-камень-stone)
  4. Отаның ….. бесігің. (алтын-золото-gold)

IV бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)
  1. ДүниетануБіздің елімізді дүние жүзіне танытатын мемлекеттік бет – бейне?
  2. Қазақ тіліКеректі сөздерді пайдаланып өлең құра (114 бет)
  3. Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
  4. Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Алматы қаласында тұрамын.
  5. Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған жерімді жақсы көремін.
  6. Математика01.12.1941ж. сандары нені білдіреді?
  7. ЖаратылыстануАтмосфера дегеніміз не?
Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
24-12-17 | Просмотров: 88 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно