rdo.kz
Авторизация

Абай Құнанбаев «Жаз»

Сабақ: Абай Құнанбаев «Жаз»Мектеп
Күні:Мұғалімнің аты-жөні:
Базарова Газиза Советовна

Сынып: 6Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағаны:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсатыА6.Әсерлі және қызықтырушы сөздерді пайдалану.

Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады: өлеңді оқиды, түсінеді, көркемдегіш сөздерді тауып, оқиды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңдегі әсерлі сөздерді қолданып, суреттер мен өлең сөздерін сәйкестендіреді, мазмұндайды;
Кейбір оқушылар орындай алады: жаңа сөздер мен көркемдегіш сөздерді пайдаланып өлеңді талдайды, мазмұндайды.
Тілдік мақсат:Оқушылар орындай алады: өлеңді мәнерлеп оқып, көркемдегіш әсерлі сөздерді табады, мазмұндайды. ТКО әдісі арқылы тапсырмаларды орындайды.
Пәнге қатысты сөздік қор(сөз тіркестері) : көкорай шалғын, күркіреген өзен, бұлтылдап, жоғары-төмен, бұрала басып, сабадан құйдырып, кілем төсеп, салтанатты байлар, бәйге атындай.
Суреттерді сәйкестендіруге арналған тірек сөздер: көкорай шалғын,бәйшешек, күркіреп жатқан өзен, жылқылар, үйрек-қаз, қыз-келіншек, сабадағы қымыз, салтанатты байлар,төселген кілем, бәйге аттары.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет.
Алдыңғы оқу
Қызығушылықты ояту
3мин




















Бағалау критерийлері
(оқушылар туған күндеріне байланысты жыл мезгілдеріне топтастырылады)
Таныстырылым:3 слайд беріледі: күз, қыс, жаз. Бұл қандай жыл мезгілдері?
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...
Бұл өлең қай жыл мезгіліне сәйкес келеді?
Бұл өлеңнің авторы кім?
Сабақ тақырыбын анықталады.
Мақсаты хабарланады
Бағалау дескрипторлары ұсынылады (тақтада көрсетіледі)

Талпынды
1к. Өлеңді оқып түсінеді.Көркемдегіш сөздерді таба алады. Әсерлі сөздерді қолданып, суреттер мен өлең сөздерін сәйкестендіреді.
  • Өлеңдегі әсерлі және қызықтырушы сөздерді табады;
  • Өлеңдегі әсерлі сөздерді қолданып, суреттер мен өлең сөздерін сәйкестендіреді.


Жетті
2к. Көркемдегіш сөздерді пайдаланады.
«Уақыт тізбегіне» салып, өлеңді талдайды. «Хикая картасына» салып, өлеңді мазмұндайды.
  • Көркемдегіш сөздерді пайдаланып өлеңді талдайды, мазмұндайды.



Сабақтың кезеңдеріЖоспарланған жұмыс түріРесурстар
Сабақтың басы
7мин

Таныстырылым
Сабақтың ортасы
10мин



































5мин



3мин





2мин





6мин

1-тапсырма.Мәтінді оқу және аудиоматериал арқылы тыңдау.
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар биелер,
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйге атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
2тапсырма.Көркемдегіш сөздерді табу.Барлығы орындайды

«Суретпен сөйлем құрау» әдісі





3-тапсырма.(Көпшілігі орындайды)Түсінгендерін тексеру үшін(«Суретке қарап сөйлеу» стратегиясын қолданамын)
4-тапсырма.Айтылым тапсырмасына нұсқаулық беру.( Кейбір оқушылар орындайды)
І топ «Уақыт тізбегіне»,ІІ,ІІІ топ «хикая картасына» салып мазмұндайды, талдайды.

Интерактивтік тақта




































(ТКО әдісін қолданамын)Бірнеше сурет беріледі, суретке қатысы бар жерлерді тауып оқиды.
(ТКО әдісін қолдануды жалғастырамыз)Тақырыпқа қатысты бірнеше сурет беріледі.Оқушылар сурет пен өлең сөздерін сәйкестендіреді.






Графикалық органайзер
Сабақтың соңы:
2мин
Кері байланыс.(Барлық оқушылар орындайды) «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Маған ұнаған ақпараттар, Не үшін ұнады?
2 мин
Бағалау критерийлері
Баспалдақ, жұлдызша, бенгал шырақтары бойынша ынталандыру
25-12-17 | Просмотров: 519 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно