rdo.kz
Авторизация

Литосфера тақырыбы бойынша қайталау ашық сабақ

0
6 класс География
География пәнінің мұғалімі: Косбергенова Нуршагул
Сабақтың тақырыбы«Литосфера» тақырыбы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жүйелі ойлауын, өздігінен, топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту;
Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында қорытынды – қайталау сабағы;
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, кескін карта, сабақ жоспары жазылған плакат, жердің құрылысы (ішкі,сыртқы) сызбасы, термин сөздердің кестесі, ұлы тұлғалардың аты-жөні жазылған плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, Биология, тарих, әдебиет, дене шынықтыру пәндерімен байланыстырады.
Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
Сабақтың жоспары:
  1. Өткен сабақ бойынша білім дағдыларын тексеру (көрнекіліктер арқылы)
  2. Тест тапсырмалары (ауызша)
  3. Футбол ойыны (деңгейлік тапсырмалар)
  4. Картамен жұмыс
  5. Терминдермен жұмыс (кесте арқылы)
  6. Ұлы тұлғаларды тану жарысы (топпен жұмыс)
  7. Сөзжұмбақ
Қорытынды
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.
  1. Жердің сыртқы құрылысын атап, топтастырып сипаттама бер.
  2. Осының ішінде біз өткен «литосфера» дегеніміз қандай қабат? Ол қандай мағынаны білдіреді?
  3. Жердің ішкі құрылысын атап, топтастыр сипаттама бер.
  4. Литосфералық тақта жеген не? Литосфералық тақта нешеу?Атап шық .
Ескерту: Осы кезде әр қатардан жақсы оқитын 1-оқушы қатарындағы оқушылардың берген жауабы белгілеп отырады
Ал келесі тест тапсырмасын мен ауызша оқимын. Сендер сұрақтардың қайсысы дұрыс жауаптарын 4 жауап қолдарыңдағы
А, Ә, Б, В деген үлестірме арқылы көтеріп отырасыздар. Қате көтерген оқушыға сары белгі беріледі. Ал мұқият тындаймыз
1. Жердің ең үстіңгі қатта қабаты
а)биосфера ә)атмосфера б)литосфера в)гидросфера
2. Еуразия материгіндегі ең биік сөнбеген жанартау
а) Везувий, ә)Қазбек б) Ключи шоқысы в) Килиманджаро
3. Жер сілкіну жиі болатын аймақтар:
а) жазықтар ә) таулы аймақтар б) ойпаттар в)үстірттер
4. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап
а) нивелир ә)тұсбағар б) сейсмограф в) эхолот
5. жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері
а) кратер ә) эпицентр б)жанартау в)гейзер
6. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ
А)лава ә) гейзер б)гнейс в)кратер
7.Химиялық шөгінді тау жынысы
а)құмтас ә) әктас б) шағын в)тас тұзы
8.Шөлдерде желдің әрекетінен пайда болатын орақ тәріздес құм төбешіктің аты
а) жыра ә)шатқал б)шағыл в)барқан
Жақсы балалар. Енді біз деңгейлік тапсырма орындап көрейік. Дене шынықтыру сабағынан барлықтарын білетін «Футбол ойынын» ойнайық. Ойын шарты мынадай:
Қазір ортаға
  1. Қақпашылар – өте жақсы оқитын оқушыдан 2 оқушы 1 деңгейдегі
  2. Қорғаушылар – жақсы оқитын оқушыдан 4 оқушы 2 деңгейдегі
  3. Шабуылшылар – нашар оқитын оқушыдан 4 оқушы шығады
Төреші: «Өте жақсы» оқитын бір оқушыны сайлап аламыз. Ол оқушы барлық жауапты тексеріп тұрады. Қателескен, дұрыс жауап бермеген оқушыға өзінің сары үлестірме –сұрағын береді. Жауап бере алмаған командаға «гол» болады. Сынып екі командаға бөлінеді. Ала доптың суреті бар үлестірме «деңгейлік» сұрақтар таратылады. Допты кімге берсе, сол оқушы жауап беріп отырады. Жауап берген оқушы келесі балаға беруі тиіс.
Шабуылшылар: 3 деңгей
1.Тау дегеніміз? Ол биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
2.Тау жыныстары деген не ? Оның түрлерін ата
3.Дүние жүзіндегі ең биік тау.
4.Дүние жүзіндегі ең биік шың.
Қорғаушылар : 2 деңгей
  1. Жанартау деген не?
  2. Гейзер, минералды сулар дегеніміз не ?
  3. Үгілу дегеніміз не ? Үгілудің түрлерін ата. ( органикалық , химиялық, физикалық)
  4. Сейсмограф, сейсмикалық белдеу дегеніміз не ? Түсініктеме бер.
Қақпашылар: 1-деңгей
  1. Жанартау деген не? Жанартау мен жер сілкінісінің ұқсастығы мен айырмашылығын, тақтадағы Венн диаграммасын толтырып, сипатта.
жанартау жер сілкінісі
Картамен жұмыс.
  1. Картадан ең биік шың қай тауда? Көрсет
  2. Қанша материк, қанша мұхит бар? Атап көрсет.
  3. Альпі тауы қайда орналасқан?
Оқушыларды картаға шығарамын. Ал қалған оқушылар орындарында кескін картаға түсіреді.
Келесі тапсырмамыз:
Термин сөздермен жұмыс : Үлестірмеліге жазылған 5 негізгі ұғым бар
  1. Литосфера
  2. Жер бедері
  3. Минерал
  4. Тау жынысы
  5. Эхолот
Тақтада ілінген плакатты негізгі 5 ұғымының жауабы сол жақта жазылып, оң жақта қалташалар бар.Шықпаған оқушыларды шығарамын.
Келесі тапсырма «Ұлт тұлғаны тану» жарысы деп аталды. Біз өткен тұлғалардың есімдері жазылған үлестірме алып, сол тұлға туралы не білетіндерін айту керек. Бұл топтық жұмыс. Үш топқа беріледі
  1. Х. Колумб; 2) Ф. Мегаллан; 3) Ш. Уәлиханов
Балалар, бүгінгі сабақты қорытындыласақ. Жер беті – табиғаттың ең басты байлық көзі. Жер бетін ұтымды пайдаланып, шаруашылықты ғылыми негізде ұйымдастыру – әрбір саналы адамның алдына қойған мақсаты.
Қазіргі кезде табиғат қорғау мәселесі үкімет тарапынан қолға алынуда. Қазақ халқында табиғатты қорғау дәстүрі ертеден сақталған.Қазақ малшыларының күзеуге, көктеуге. Жайлауға қыстауға көшіп, жыл мезгілдеріне орай қонысын ауыстырып отыруы осының дәлелі.
Сондықтан мен бүгінгі сабақты тақтаға ілінген мына мақалмен аяқтағым келіп тұр.«Елім бай болсын десең. Жеріңнің бабын тап»
Литосфера чайнворды 37 бет дидактикалық материалдар
Дәптермен жұмыс 30 бет дидактикалық материалдар
Үйге тапсырма: Осы « Литосфера» тақырыбын түгелдей қайталау.
Практикалық жұмыс дәптері мен кескін карта әкелу.
25-12-17 | Просмотров: 540 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно