rdo.kz
Авторизация

Тәуелсіз елім Қазақстан

0
-Общее-
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан»
Мадина
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы.
Лаула-лаула желтоқсанның,
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің.
Ешқашанда тиісті емес,
Еңкеюге жалауы.
Жігер
Қайырлы кеш, құрметті ата –аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға-апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кешіне қош келіпсіздер! «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты сыныптан тыс әдеби-қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мектеп оркестрі
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өтке бәрінен.
Мадина
Қарасаң қайда ,алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?
Ән «Менің Қазақстаным»



Жигер
Сүйрік саусақ сағадан,
Мен бұралған өрмелеп.
Асып-тасып сабадан,
Биші кетер дөңгелек.
Би «Қазақ биі»
Мадина
Тапталмасын деп қазақтың кең ары,
Тәуелсіз туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға не бәрі.
Сахналық қойылым «Қайсар ару – Ләззат қыз»
«Желтоқсан желі» әнінің әуені ойнап тұрады. Көшеде ерсілі қарсылы өтіп жатқанда адамдар
Тәртіп сақшылары
Қар үстінде қызыл қан, қара бұрыш,
Халық та көп көшеде қарақұрым.
Жас ару қыз келеді ілбі басып,
Жатахана тым алыс баратұғын,
Кешкі шамы қаланың сығырайған.
Мезгіл еді айнала тымырайған,
Кеше ғана бұрымын кескен мұның.
Құтылғаны әлі есте сұмырайдан,
Ажал ма әлде де елес пе тақымдаған.
Тырс еткен болды үн жақын маңнан,
Қыз жүрегі зу етіп, именсе де.
Баса берді ілгері батыл қадам
(екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап бастайды)
Жигер
Күзетшілер жол тосқан құтқармады,
«Тексереміз» - деп қызды мықты арбады.
«Бунт жасаған қазақтың қызы ғой бұл»
Деген сөзге арланды ол бұлтарғында,
Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды.
Өңмінінен итерді жабысқанды,
Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек.
Өздерінше жөн көрді танысқанды,
(екі солдат тұрып, жұлқып Ләззатты алып кетеді . Ләззат барынша қарсыласады)
Жалған емес бұл шындық дастан әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын,
Қайрат, Ербол Кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
(сахнада-Ләззаттың бейіті,суреті, туған жылы және қайтқан уақыты жазылған мәлімет)
Анасы бейітке гүл қойып жоқтау айтады.
Сандина
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді-ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді- ау,
Жарылқасын құдайым!!!
Құлыным менің қор болды-ау,
Заманың сенің зор болды –ау.
Желтоқсанның қайғысы,
Сан анаға зор болды-ау.
Жетоқсанның анаға,.
Ызғары көп құлыным.
Сен де соның бірісің,
Өлген жоқсың тірісің.
Тірі жүрген қыздырдың,
Сыйынар жалғыз пірісің.
Кімге ғана ұстатар,
Қысқа ғұмыр қашаған.
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықпай,
Алшы тұрған, боташым.
Дәл өзіңдей қыз тапқан,
Менде арман бар ма екен.
Қайтейін құдай қайтейін,
(гүлін қойып кетеді, Жарық сөнеді)
Жарық бейітке түсір3леді, бейіттің ар жағында әруақ бейнесіндегі Ляззаттың сөзі сахна сыртында оқылады.
Ұлболсын
Он алтыда қиылдым мен,
Табынында танкінің.
Ләззат атты құрбанымын,
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізде жағада.
Ләззат дейтін мен болам,
Аспандағы шағала. (шағала ұшыру)
Туған халқым – қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.
(Жарық жанады. Бейіт басына оқушылар келіп, гүл қойып, сап түзеп тұрады)
1-оқушы
Ұя4нан ұшып шығып оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона аламдың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы болып келе алмадың.
2-оқушы
Небәрі 16-дан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт-дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.
3-оқушы
Қайырылмай кеткен қарлығаш,
Желбіреген қолаң шаш.
17-ге жете алмай,
Қиылып кеткен қыршын жас.
4-оқушы
Ел үшін ерлігімен елене,
Абыроймен атағына бөлене.
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
(барлығы кетеді)
Жүргізуші: Мадина
Мұзда жанған мұз балақ. Алау болып жүрегіміздің түкпірінен орын алған. Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қасық қаны қалғанша айқасып, өліспей- беріспейтін боздақтарымыз, аға-апаларымызды қалай ұмытармыз. Барлығымыз да бір сәт азаматтық аңсаған, теңдікті талап еткен қыршын жастарымызда еске алайық.
Жүргізуші: Жигер
Қуан бүгін, қуан халқым,шынында,
Ақтарылсын ағыл-тегіл жырымда.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңыңда.
Желтоқсан желі
Ән «Атамекен»
26-12-17 | Просмотров: 561 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно