rdo.kz
Авторизация

Сүйікті көкөнісім - картоп

Сынып: 4 Д 04.12.2017ж
Кожамжарова Гүлсара Серікқызы. Павлодар қаласының №17 ЖОББСОБМ қазақ тілі мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті көкөнісім - картоп.
Сабақтың мақсаты: көкөністер, картоп туралы мәліметпен кеңінен танысу, септіктер туралы білімдерін жинақтау
Сабақтың міндеттері:
1. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана отырып, тілдесе білуге үйрету.
2. Сызба арқылы өз ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың сауаттылығын арттыру
3. Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Тәртіптілікке баулу.
Күтілетін нәтиже: А- сөздерді аудара алады;
В- Оқушы сөйлемдерді толықтай алады, талдау жасай алады, көкністер мен жеміс сөздерінің жазылуын біледі;
С- тақырыпты қорытындылай алып, диалог құра алады.

КезеңуақытМұғалімнің әрекетіОқушының әрекетіРесурстар
Ұйымдастырушылық кезеңминутАмандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру: мақалдарды жатқа айту
Балалар мұғаліммен амандасады.
Үй тапсырмасын айтады.





1 минутОқушыларға суреттер таратылады. Картоп, сәбіз,қызылша.
Бағалау парақтарын тарату.
Оқушылар суреттерді алып, топ болып отырады.Қиықтарға салынған суреттер
Қызығушылықты ояту.2 минутБүгінгі сабақ не туралы болмақ?
Көкөністер туралы не білесіздер? Инсерт әдісін қолданайық.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады. Тақырып бойынша не білетіндерін, не білгілері келетіндерін топпен бірлесіп жазады.


парақшалар
Жаңа материалды түсіндіру. Мәтінмен жұмыс8 минутБалалар, сіздерге мәтін ұсынылып отыр, аудармасын тауып, топ арасында алмасу керек. Жаңа сөздер: алғашқы, егеді, кездесеі,құрамы,ақуыз.

Оқушылар мәтінді аударуға кіріседі. Одан соң түсіндіреді.мәтін
сөздік
Талдау.7 минутОқулық бойынша тапсырмалар орындау:
58-бет . №1,№3, №6 тапсырмалар: толықтыру,сұраққа жауап беру, сөздерді аудару.
Оқулық бойынша тапсырмаларды орындайды.оқулық

2 минутСерігіп алайық. 59-бет №7-тапсырмаОқушылар жаттығу жасайды:секіреді, топылдайды, иіледі, қайшы жасайды.
Жинақтау.10 минутӘрбір топ суреттегі көкөніс туралы диалог құру немесе көрініс көрсету керек. Басқа топтар бағалайды.Әр топ өзіне берілген көкөніс жайлы диалог немесе көрініс ретінде көрсетеді. Топ арасындабағалау жүреді.
Кері байланыс: Бағдаршам көрсету: жасыл, сары, қызыл түс.
Суреттер, себет т.б.


5 минутТалдаңыз. Септік жалғауын қосыңыз.
Сүт,сәбіз, қызылша, картоп, ет, пияз, алма, қаймақ, палау, жеміс, май.
Әр оқушы бір сөзді таңдап септейді.дәптер
Қорытындылау кезеңі.4 минутЛогиканы тексеру: Сөздердің дұрыс бұрыстығын анықтау керек:

Оқушылар дауыстап оқиды, мұғалім дұрыс бұрыстыңын айтады да, топ басшысы бағалайды.
Үй тапсырмасын беру кезеңі1 минутКартоп жайлы қызықты мәлімет баяндама жазу. 58-бет №4-тапсырма, диалог, төрт тілдесім болу керек.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Бағалау
2 минутСабаққа қатысты ұсыныстарын мен пікірлерінді жазыңыздар.

Бағалауға кірісейік. Бағалау паракшалары бойынша ұпай санау.
Оқушылар стикерлерге жазады да, сәттілік ағашына іледі.

Топтар бағаларын айтып, қорытындылайды.

Сүйікті көкөнісім - картоп.
Қандай халық болмасын көкөністерді жақсы көреді. Картоптың Отаны - Оңтүстік Америка. Ресейге алғашқы болып 17 ғасырда Петр І. Голландиядан әкелді.
Картопты көктемде егеді, күзде жинайды. Картоптың пайдасы көп. Оның әр түрлі түрлері болады. Ақ, қызыл, сары түстері кездеседі. Оның құрамында су, қант, ақуыз, крахмал, тұз бар.
Тапсырмалар.
1. Аударыңыз.
2. Басқа топқа түсіндіріңіз.
Дұрыс және Бұрыс.
  1. Алма көкөніске жатады.
  2. Қызылша жеміске жатады.
  3. Құлпынай жидекке жатады.
  4. Айранның түсі сары болады.
  5. Шиенің түсі қоңыр болады.
  6. Жемістер көктемде піседі
  7. Адамдар бақтан күзде көкөніс жинайды.
  8. Біз үйде тамақты теледидарға саламыз.
  9. Тұшпара ірімшіктен жасалады.
  10. Салатқа аскөк қосуға болмайды.
  11. Қызанақтың түсі қара болады.
  12. Сүзбеше сүт тағамына жатады.
26-12-17 | Просмотров: 499 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

Олимпиадалар
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно