rdo.kz
Авторизация

А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»

Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 6
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: І І
5.Мұғалім: Л.С.Маширбаева
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы
«Қара бұлт»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: А.Байтұрсынұлының өлеңін оқыта отырып, ақын және аудармашы- сыншылығын таныту, дәлелдеу,өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
2.Тәрбиелік: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.
3.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ахмет портреті, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
І. «Ой қозғау» стратегиясы
«Нені білеміз?» (өткенді қайталау және Ахмет өміріне шолу сұрақтары)
  1. Абай қай жерде дүниеге келді?
  2. Әкесі кім?
  3. Абай жастарды неге шақырды?
  4. Шәкәрім нешінші жылы, қай жерде дүниеге келді?
  5. Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі не туралы?
  6. Шәкәрім «Ғибрат аларлық артыңа із қалдырсаң, мәңгілік өлмейсің» дейді. Неге? Қалай түсінеміз?
  7. Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам, адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып»,- деген ойларын қалай түсінесің?
  8. Ахмет нешінші жылы, қай жерде дүниеге келді?
  9. Мұхтар Әуезов Ахметке қандай баға берді?
  10. Ахметтің қандай өлеңдер жинағы бар?
  11. Ахмет орыс ақындарынан кімдердің шығармаларын аударған?
  12. Адам бойындағы қандай қасиеттерді сынаған?
  13. Төменгі сыныпта өткен Ахметтің қандай мысал өлеңдерін білесіздер?
Кім атайды?
  1. Ахмет өлеңдерінен жатқа мысалдар келтіріңіз.
«Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт,
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!»,- деп Шәкәрім атамыз жырлағандай, Ахмет Байтұрсынұлы кейінгі ұрпаққа ғибрат аларлықтай іс қалдырған, қоғам қайраткері, дарынды ақын, мысалшы, біртуар тұлға екен.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі «Елшілдік ұран», «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын...
Мұхтар Әуезов

А.Байтұрсынұлы. «Қара бұлт» өлеңі.
Мысал дегеніміз не?
Мысалшы дегеніміз кім?
Мысал аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталады. Бір мысалдың өзі әрқайсысының аудармасына ілікті. Бұл әдебиетте нәзирагөйлік тәсіл деп аталады. Ахмет Крыловтан аударса, Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзоп, Рим мысалшысы Федрден аударған. Ғалымдардың пікірінше Крыловтың 33 туындысы аударма екен. Біздің Ахмет атамыз да Крыловтан мысалдар аудару арқылы мысал жанрына үлкен үлес қосты. Соның бірі «Қара бұлт» мысал өлеңі.
І. «Нені білгіміз келеді?» (өлеңді мәнерлеп оқыту)
« Қара бұлт»өлеңінің мазмұнымен таныстыру
ІІ. «Ой толғау» (топтық талдау)
ІІІ. «Нені білдік?» (рөлге бөліп оқыту)
ІҮ. «Венн диаграммасы»
БҰЛТ адам ТАУ
ойындағы қасиеттер
  • Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
  • Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
  • Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
  • Бұлт қандай бейне?
  • Тау қандай бейне?
  • Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?
Ү. «Сөздік жұмысы»
Аптап- ыстық
Пәрменінше- бар күшімен
Қайран қалу- таңғалу
Қайыр- пайда
ҮІ. «Мәтінмен жұмыс»
  1. Текстен синоним, антонимдерді табу
Синоним - тамбау, жаумау; пайда, қайыр ;
Антоним - жаумай- құя салу;
  1. «Қара бұлт» мысалындағы ғибрат алатын шумақты табыңыз.
«Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге».
Бұлт сияқты қолынан келетін істі пайдаға жұмсамайтын адамдар қазіргі өмірде кездесе ме?
ҮІІ. «Ой қорыту» (пікіралысу)
  • Қайырымдылық деген не?
  • Қазіргі заманда қайырымдылық керек немесе керек емес.
ҮІІІ. «Топтастыру» стратегиясы (топтық жұмыс)


Ахмет мысалары арқылы нені үйрендім?

Түйін:
Адам- өмірге қонақ.
Мақсат- бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, адамша өмір
сүруге тырысу керек.

3. Сөздікпен жұмыс
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта.

Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс:
1.?1. Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?
2. Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?
3. «Сай – сайға құяды, бай – байға құяды» деген мәтелді қалай түсінуге болады?
4. Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау қалай тебіренді?
5. Ақын өз ойын қалай қорытқан?
V.Үй тапсырмасын беру:
1. А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат
2. «Қара бұлт», өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұндау
3. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс
VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ.Сабақтың аяқталуы.
26-12-17 | Просмотров: 536 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно