rdo.kz
Авторизация

Өзендер мен көлдер

Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау. Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. Суды қорғау мен үнемдеуге шақыру.
Күтілетін нәтиже:
Ойларын жетік жеткізе біледі;
Жұмыс нәтижесін көрсетеді.
Тапсырмалар: топтастыру әдістері, постермен жұмыс, диалог.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, «Алтын балыққа арналған аквариум», «Білемін. Білгім келеді, Білдім», «Ойлан, жұптас, бөліс», «бес жол өлең» стратегиялары, диалог, жұптық жұмыс.
Көрнекілігі: карта, слайдтар, суреттер, үлестірмелі «тамшылар», «Аққала» суреті.
Күн мен түнді сүйемін,
Басымды соған иемін.
Нұр мейірлі шуақ бер.
Ырыс, несібе, қуатпен.
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
І. «Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы
Тақтаға бір оқушы шығады, қалғандары тақырып бойынша сұрақтар қояды.

Топтарға ат беру: «Мұхит», «Теңіз», «Өзен»
Дәптермен жұмыс
Күн жадын жазу.
Тақырып: Өзендер және көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы және қорғау.

ІІ. «Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы бойынша оқушылардың қызығушылығын ояту.
Оқушылар өзен, көл туралы білетіндерін, нені білгісі келетіндерін жазады.
(Жайық өзеннің ұзындығын, Бейнеуде өзен бар ма? Мұхит неше метр терең? Балқаш неге екі түрлі? Каспий неге тұзды?)
Проблемалық сұрақ:
Жер шарының неше пайызы судан тұрады?
Жер шарында неше мұхит бар?
Қандай теңіздер, өзендер мен көлдерді білесіңдер?
Каспийде ауыз суды немен тұщытады?

ІІІ. Оқулықпен жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы
Оқушылар мәтінді оқиды, жұптасады, оқығанымен бөліседі.

Мұғалімнің түсіндірмесі:
Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде жеті өзеннің ұзындығы мың километрден асады. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. Жайық өзені суы үлкен көл - Каспий теңізіне құяды.

ІV. Шығармашылық жұмыс.
І – топ «Бес жол өлең» өзен, көл сөздеріне шығарады.
ІІ - топ «Суды қорғау» тақырыбына суретті сызба салу.
ІІІ - топ «Тақырып бойынша сан есім қатыстырылған сөйлемдерді көшіру».

V. Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табу.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)

«Молекула»
Шарты: Өзен сөзін естігенде жұп сан, көл сөзін естігенде тақ саннан тізбекті саусақпен жұптасып құрастыру.

«Мақал жалғастыру»
Мақсаты: түсіп қалған сөзді тауып, мағынасын ажырату.
І – топ
Таулы жер бұлақсыз болмас,... жер құрақсыз болмас. (сулы) 
ІІ - топ
Сөздің басы құлақ,... басы бұлақ. (судың)
ІІІ - топ
Азған елде намыс жоқ,... жерде қамыс жоқ. (сусыз)

VII. «Аққала» құрастыру
Блум таксономиясы бойынша өтеді

Қарапайым сұрақ:
- Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді тап.
Дәлелдеуші сұрақ:
- Еліміздегі ең сулы өзен
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор
Табасың оны, ойлансаң, сезем. (Ертіс) Интерпретациялық сұрақ:
- неге суды қорғауымыз керек?

Шығармашылық сұрақ:
-«Жер бетінде су жойылып кетсе, онда...»
Практикалық сұрақ:
- Сен су болсаң не істер едің?
Бағалау сұрақтары:
- сабақ несімен ұнады, неге ұнамады?

ЭКСПО - 2017 кім барды?
Қандай энергия көздері туралы сөз болды?
Су энергиясын неге пайдалануға болады?
Су энергиясын тиімді қолдану туралы әңгімелеу.
Суды үнемдеу туралы эссе жазу
Күнделіктеріне жазу
«БББ» әдісі Бағалау.
3-01-18 | Просмотров: 471 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно