rdo.kz
Авторизация

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2.А Ежелгі көшпелілер өмірі.
Мектеп: № 70
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Багила Серикбаевна
Сынып: 5 Қатысқандар: - Қатыспағандар –

Сабақтың тақырыбы:Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

Зерттеу сұрағы:Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)5.4.1.2. Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын сипаттайды.
Жыл мезгілдерін,жайылым түрлерін айта алады.
Төрт түлік малдан алынатын өнімдерді атайды.
Басым көпшілігі:
Көшпелі мал шаруашылығының тиімді болғанын анықтайды.
Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы,егіншілік дамыған аймақтарды картадан көрсетеді.
Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты салыстыра алады.
Кейбірі:
Көшпелі мал шаруашылығының маңыздылығын атайды.
Көшпелі мал шаруашылығының дамуы қоғамға қандай мүмкіндіктер бергенін сипаттайды.
Тарихи концептіМаңыздылық,дәлел.айырмашылық.
Оқу мақсатының деңгейіБілу,түсіну.Қолдану.
Бағалау критерийі1.Ежелгі шаруашылықтың түрлерінің қалыптасуын,себептерін
анықтайды.
2.Қазақстан териториясында таралған шаруашылық түрлерін көрсетеді.
3.Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін сипаттайды.
Тілдік мақсаттарОқушылар орындай алады: «Ойлан,бөліс,бірік» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасайды.Көшпелі мал шаруашылығының дамуы адам өміріне қаншалықты өзгеріс алып келді? деген сұрақ аясында талқылауға қатыса алады .Сөз тіркестерін қолдана отырып көшпелі мал шаруашылығын сипаттап, «Тарихи диктант» арқылы жаза алады. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің жұмысын тыңдайды.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тебінді бұл..............................................................
Өнім бұл ...........................................................
Айырбас дегеніміз...................................................
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Көшпелі мал шаруашылығы адам өмірін өзгертті/.......өзгертпеді. Себебі? Төрт түлік малға не жатады? Біздің топтың ойынша...
Құндылықтарға баулуЕжелгі ата-бабамыз болған көшпелі халықтың тұрмыс тіршілігімен танысып,көшпелі мал шаруашылығының маңыздылығын ұғынады.Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың неден жасалатынын біледі.
Пәнаралық байланысГеография –егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетеді.
Қазақ тілі –тапсырмалар орындау барысында тілдік, сөйлеу,
тыңдау,жазу көрініс табады.
Алдыңғы білім

Бастауыш сынып дүниетану курсынан алған білімін еске түсіру;
Жыл мезгілдерін біледі.Шаруашылық түрлерін ажыратады.Төрт түлік малды таниды.Олардан қандай өнім алатынын біледі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріДереккөздер, ресурстар
Сабақтың басы
6минут
















Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс. «Иллюстрациялық әдіс» ( суретпен жұмыс жасалады. жыл мезгілдері,төрт түлік мал )
1.Оның жүнін киіз басу,арқан есу,жіп иіру үшін пайдаланады.
2.Қорексіз,сусыз ұзақ уақытқа шыдайды.Жүк көлігі қызметін атқарады.
3.Суыққа төзімді,азығын қар астынан аршып жейді.
4.Бұл жануарды орманды-таулы аймақтарда өсірген.
5.Қандай жыл мезгілдері бар?
6.Шаруашылықтың қандай түрлерін білеміз?
Қ.Б Мадақтау арқылы бағалау
Осы тапсырма мұғалімге осы тақырып бойынша оқушылардың бастапқы білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбына – «Мәліметтерді талдауға» итермелейді. Оқушыларға сабақта не туралы айтылатынын болжау ұсынылады.

Жыл мезгілдері мен төрт түлік малдың суреті.


Қазақстан тарихы оқулық


Сабақтың ортасы
15 минут
10 мин
1 минут

Сабақтың соңы
7 минут
5 минут
1 мин
Оқушыларды топқа біріктіру..Гетерогенді топ.(Кім қандай жыл мезгілін ұнтады,жыл мезгілдеріне сипаттама беру арқылы оқушы деңгейіне қарай )
1 топ.Қыс 2топ. Жаз 3 топ. Күз
Мағынаны тану
Топтық жұмыс . «Ойлан, бөліс, бірік» әдісі арқылы мәтінмен(оқулық) жұмыс жасалады.

Тапсырма: «Көш ойыны»әдісі. Жүк артқан түйенің қоржынында бірнеше тапсырмалар берілген.
1 тапсырма. кестені толтырыңыз. 1 – топ. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуының себептерін ата.


Көшпелі мал шаруашылығы
Дескриптор.1Климаттық жағдайды сипаттап,мал шаруашылығының қалыптасу себебін атайды.
2Көшпелі мал шаруашылығының қажеттілігін сипаттайды.
3.Төрт түлік малдың пайдалану мүмкіндіктерін
ашады.
2 тапсырма Венн диаграммасы
2-топ. Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің айырмашылығы.
Дескриптор 1.Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықтың айырмашылығын талдайды,салыстырады. 2.Мал шаруашылығы мен егіншіліктің ортақ белгісін табады.
3 тапсырма
3-топ.Картада темір дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілік дамыған аймақтарды түрлі түстермен белгілеңіз. Шартты белгілерді жасаңыз.
Дескриптор
1.Қазақстан территориясында темір дәуірінде егіншілік шаруашылығы кеңінен таралған аймақты белгілейді;
2. Қазақстан территориясында темір дәуірінде мал шаруашылығы кеңінен таралған аймақты белгілейді;
3.Мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасу себептерін атайды.
Әр топ дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс.Сәйкестендіру тесті (оқушылар орындығына мемлекеттер атауын жапсыру арқылы жұпқа бөлемін)
Тапсырма.Мал шаруашылығынан алынатын өнімдер мен егін шаруашылығынан алынатын өнімдерді сәйкестендір.

Күріш
Сүт
Бидай
Ет
Жүн
Тері
Жүгері

бұлқыншақ, борша
мес ,жал,
шалап, текемет,
шұға,сірне,
талқан
торсық, уыз
жент,ірімшік,құрт
Қ.Б.«Код»арқылы (экранда дұрыс жауаптар кодпен беріледі,сол арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды)
М.Кері байланыс.
Тапсырманы орындау барысында не қиын болды?
Неліктен.?....
Сергіту сәті. Әр топ жан-жануарлардың дауысын салады.

Ой- толғаныс
Қорытынды.

Жеке жұмыс . «Тарихи диктант» әдісі.
Тірек сөздерді пайдалана отырып көшпелі мал шаруашылығын сипаттап жазу.
Тірек сөздер: Көшпелі,ЕгіншілікТебінді,Өнім,Айырбас.
1.Ерте темір дәуірінде ------------------------ одан әрі дамыды.
2.Оңтүстік ---------------аймағында ------------------дамыды.
3. Сиыр ---------------------------------икемсіз болды.
4.Көшпелі мал шаруашылығы адам өміріне өзгеріс әкеліп,-----------------------------ұлғайтты.
5Малшылар мен егіншілер арасында -----------------дами бастады.
Қ.Б Оқу құралдары арқылы бірін-бірі бағалайды.( тіркестердің бәріне бірдей жауап берсе, оқу құралдарын толық алады)

М.Кері байланыс:
Тапсырманы орындау барысында қанша сөз тіркесін білдік?
Көшпелі мал шаруашылығы адам өмірін қаншалықты өзгертті/....... өзгертпеді. Себебі?
Рефлексия:»Ойлаудың бес гүлі» әдісі арқылы
  • Мен білдім….
  • Мен үйрендім….
  • Маған ұнады….
  • Мен қиналдым….
  • Менің көңіл-күйім….
Оқушылар стикерге жазып түйенің қомына салады.Көш бастаған түйе көктеуден жайлауға жетеді. Осылайша оқушылардың сабақ мақсатына жетуіне қолдау көрсетемін.

Үйге тапсырма: 5.4.1.2. Зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау.
Қосымша шаруалықтың түрлерін анықтап келу

Қазақстан тарихы оқулық.
Интербелсенді тақта.
Көш бастаған түйенің суреті
Кесте.
Қазақстан тарихы оқулық.
Венн диаграммасы.
Қазақстанның саяси картасы (контур)
Сәйкестендіру тесті
«Сергіту сәті» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру.
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Ұжымдық жұмыс.Жеңілден күрделіге қарай сұрақтар беру.Мысалы төрт түлік малды сипаттайды,Шаруашылық түрін айтады,Маңыздылығын тұжырымдайды.

Топтық жұмыс.Гетерогенді топ арқылы әр топқа жұмыстың деңгейіне қарай тапсырма беру.Әртүрлі тапсырма беріледі.Кейбір топқа ресурс,глоссарий ұсынамын.

Жұптық жұмыс. Дағдысы төмен және дағдысы жоғары оқушыларды жұптастырамын. «Сәйкестендіру тесті »әдісінде жеңіл және күрделі жауаптар берілген.Тапсырманы сәйкестендіруде дағдысы жоғары оқушы ,дағдысы төмен оқушыға қолдау көрсетеді.
Жеке жұмыс.Жүйелілік органайзер үлгісі көрсетіле отырып «Тарихи диктант» әдісінде сөз тіркестері берілген.
Алғашқы екі тіркесті жазуға міндетті.Ал қалған үш тіркесті оқушы өз еркіне қарай жазады.
3-01-18 | Просмотров: 527 | 0 комментариев

Поделиться в социальных сетях

Материал разместил
Азамат
1821 добавленных материалов и 3 комментариев

RCDO.KZ
Читайте также

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Вопрос:* Қазақстанның бас қаласы?
Авторизация
лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.3 бесплатно